Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан су-энергетикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

27 тамыз 2023, 18:33

25-26 тамызда Астанада Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның энергетикалық және су шаруашылығы ведомстволары өкілдерінің су-энергетикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылауға арналған кездесуі өтті.

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл басқосуда алдағы күзгі-қысқы маусымда электр энергиясын жеткізу, сондай-ақ басқа салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бірқатар өзара келісімдерге қол жеткізіліп, жеткізу көлемі мен шарттары анықталды.

Тараптар электр энергиясын сағаттық есепке алуды жүргізу тетігін енгізу мүмкіндігін пысықтауға; шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы жоспардан тыс ағындарды реттеуге шарттар жасасуға; жоспардан тыс ағындарды реттеуге арналған шарттардың қолданыстағы талаптарын қайта қарауға келісті.

Қатысушылар бұрын қабылданған міндеттемелерді орындауға дайын екенін растады.

Су және энергетика ведомстволары өкілдерінің келесі кездесуі 2023 жылдың қарашасында Бішкекте өтеді.

JQ-Aqparat

Суреттер: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз