jasqazaq.kz

Қазақстан құрамасы биологиядан Халықаралық олимпиадаға аттанды

21 шiлде 2025, 18:56

2025 жылғы 20-27 шілде аралығында Филиппиннің Кесон-Сити қаласында биологиядан Халықаралық олимпиада (International Biology Olympiad, IBO) өтеді. Аталған зияткерлік додада Қазақстанның дарынды оқушыларынан құралған ұлттық құрама ел намысын қорғайды.
Биологиядан халықаралық олимпиада — 15 жастан кіші емес және 21 жастан аспаған оқушыларға арналған жыл сайынғы ғылыми жарыс. Олимпиада барысында қатысушылар теориялық және практикалық турларда білімдерін сынайды. Байқау тапсырмалары жасуша биологиясы, молекулалық биология, өсімдіктер мен жануарлар анатомиясы және физиологиясы, этология, генетика, экология, эволюция, биосистематика сияқты негізгі ғылыми бағыттарды қамтиды.
Биылғы Қазақстан құрамасының құрамы:
• Батыр Ержанұлы – Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;
• Айғаным Балташова – Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы;
• Ерсұлтан Қайркен – Павлодар облысындағы дарынды ұлдарға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
• Алихан Аширханов – Алматы қаласындағы дарынды ұлдарға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы.
Құраманың ғылыми жетекшілері — Лейла Аскарова мен Илияс Сакимов. Олар 2024 жылы Қазақстанда өткен IBO-ның жоғары ғылыми деңгейде өтуіне тікелей атсалысып, ұйымдастырушы ғылыми топқа жетекшілік еткен жас ғалымдар.
Айта кетейік, Халықаралық биология олимпиадасы алғаш рет 1990 жылы Чехословакияда өткен. Қазақстан бұл олимпиадаға 1994 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді. Осы уақыт аралығында еліміздің оқушылары 2 алтын, 18 күміс, 52 қола медаль және 12 Құрмет грамотасын жеңіп алды.
IBO-ның басты мақсаты — оқушылардың биологияға деген қызығушылығын арттыру, дарынды жастарды қолдау және оларды ғылыми-зерттеу қызметіне ынталандыру. Олимпиада сонымен қатар студенттер, зерттеушілер мен жоғары оқу орындары арасында халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.

Сурет: оқу-ағарту министрлігі

 

24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?