Қазақстан букмекерлері Президент тапсырмасын толығымен қолдайды

11 қыркүйек 2023, 14:25

Қазақстан букмекерлері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ойын саласындағы барлық транзакцияларды бақылау туралы» тапсырмасын қолдады.

Өткенде Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы ойын бизнесіндегі қаржы қозғалысын қатаң қадағалау қажеттігін мәлімдеген болатын. Президент ұстанымын Қазақстандағы букмекерлік бизнестің өзін-өзі реттейтін ұйымы қолдады.

Ұбйым өкілдері Президенттің мұндай саясатын уақытылы деп санайдыұл желідегі ойын құрылымына тосқауыл қоюға мүмкіндік береді. Ал бүгінгі таңда желінің қазақстандық сегментінде мыңдаған адам бар.. ҚР лицензиясы жоқ түрлі онлайн казинолардың, букмекерлердің, лотолардың және басқа да құрылымдардың заңсыз жұмыс істейтін шетелдік сайттары (порталдары) клиенттерден ешбір сұраусыз, жазасыз қаржы жинайды. Мұндай алаяқ сайттар қазақстандықтарды жиі алдайды. Сонымен қ көлеңкелі ойын бизнесі мемлекетке бір теңге салық төлемей жүр.

Заңды букмекерлік бизнес өкілдерінің пікірінше, Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы желідегі заңсыз ойын құрылымдарының қызметін тиімді бақылауға жол ашады. Соның арқасында Қазақстаннан тыс жерде заңсыз әрекет ететін контрагенттердің төлемін бұғаттауға болады.

Елімізде кәсіби лицензияланған ойын бизнесі – казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер, тотализаторлар жақсы дамыған. Қазақстанда ресми жұмыс істейтін осы бағыттардың барлық лицензияланған ұйымы уәкілетті мемлекеттік органдардың толық бақылауында. Олардың айналымы, жалпы алғанда барлық операция, оның ішінде клиенттің шотын әрбір толықтыру мен әрбір төлем цифрлық есепке алу жүйесінде тіркеледі және қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) есеп-қисабына кіреді.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы букмекерлік кеңсесінің басшысы Ғалымжан Дуамбеков атап өткендей, қазақстандық букмекерлік кеңселердің айналымы ойын бизнесін арнайы экономикалық аймақтарға-резервацияларға ауыстырған сәттен бастап іс жүзінде толығымен (99%) екінші деңгейдегі банктер мен төлем ұйымдары арқылы қолма-қол ақшасыз төлем нысанына ауыстырылды. Мұндай әрбір онлайн операция уәкілетті органға келіп түсетін электрондық есепке тіркеледі. Өз кезегінде клиенттердің қалауы бойынша арнайы ойын аймақтарының аумағындағы букмекерлік залдардағы кассалар арқылы төлем жасалуы мүмкін. Бұл операциялар МКК электрондық есебінде де көрінеді. Мұның бәрі тайға таңба басқандай айқын.

Бірақ кеңсесі Қазақстаннан мыңдаған шақырым жерде орналасқан заңсыз бір күндік ойын сайттарының шотындағы қаражаттың айналымы туралы айту мүмкін емес. Заңсыз компанияға клиенттің қаржысы үш-төрт делдалдық компания арқылы жасырын түрде түседі. Бұған әртүрлі төлем жүйесі ғана емес, сонымен қатар үшінші тараптың фирмалары да қатысады. Мысалы, ҚР букмекерлік бизнестің өзін-өзі реттейтін ұйымы анықтағандай, ойыншылардың Қазақстан Республикасынан шетелдегі астыртын ойын сайтының иелеріне аударым жылдам азық-түлік жеткізу қызметі үшін төлем ретінде жасырын жасалады. Бұлтекбірғанамысал. Сарапшылардың бағалауынша, жыл сайын осындай көлеңкелі жолмен жүздеген миллиард теңге елден шығарылады.

«Біздің қауымдастық заңсыз алаяқ сайттармен күресуге көмектесу үшін Қаржы мониторингі агенттігімен (ҚМА) меморандумға қол қойды. Заңсыз ақша айналымы бақыланбайды, сондықтан елден оп-оңай кетіп жатыр, сол арқылы қылмыстық ақша жылыстатылады. Біз заңды түрде жұмыс істейтін бизнес ретінде осындай құрылымдармен батыл күрес жүргізуге мүдделіміз. Өйткені олар мемлекетке үлкен зиян келтіреді, қыруар қаржыны шетелге ешқандай салық төлемей шығарады. Бұған қоса, олар Қазақстанда осы салада жұмыс істейтін заңды бизнестің беделіне нұқсан келтіреді. Мысалы, бір күндік алаяқ сайттар клиенттердің
ақшасын қағып алған соң ізім-ғайым жоғалады. Біз – Қазақстанның адал букмекерлерінің бірлестігі мемлекеттік органдарға осы келеңсіз жайтпен күресуге ниеттіміз. Біздің ҚМА-мен бірлескен жұмысымыздың арқасында желінің қазақстандық сегментінде небәрі жарты жылда 3 мыңға жуық заңсыз онлайн казино сайты, лицензияланбаған букмекерлер және басқа да астыртын құрылымдар бұғатталды. Біз Президенттің тапсырмасын толық қолдаймыз: ойын саласындағы ақшаның жылыстауын қатаң бақылау қажет. Бұл көлеңкелі құрылымдардан тезірек арылуға септігін тигізеді», — деді Ғалымжан Дуамбеков.

Олжабек Байқуатов

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді