jasqazaq.kz

Қазақстан бидайы Пәкістан мен Иранға экспортталуы мүмкін

21 қыркүйек 2022, 12:13


Премьер-Министрдің олрынбасары — Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Үкімет кулуарында журналистерге бидай экспортының аясын кеңейту шаралары туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өздеріңіз білесіздер, бізде бұған дейін астық экспортына тыйым салынды. Бірақ, біз фермерлерге пайда табуға мүмкіндік беру үшін оны алып тастадық. Қателеспесем, 10 қыркүйектен бастап алынды. Қазіргі таңда бізде астық жеткілікті. Оның үстіне, Азық-түлік корпорациясы да сатып алды. Сол себепті, бидайға қатысты ешқандай қауіп жоқ», — деген министр бидайды экспорттайтын елдер тізімі кеңеюі мүмкін екенін айтты.

«Самарқанда болған кезде Президент Пәкістан және Иран басшыларымен кездесу өткізіп, нақты тапсырмалар берді. Кеше осы екі елмен жиналысқа дайындық жасадық. Келесі аптада сөйлесеміз. Ол кезде астық жеткізу ғана емес, көлік логистикасын кеңейту, сауда-экономикалық ынтымақтастығы бойынша үкіметаралық комиссияның жұмысын оңтайландыру сияқты кешенді мәселелер талқыланады», — деді Серік Жұманғарин.

Еске салсақ, 8 шілдеден бастап Қазақстаннан бидай мен бидай ұнын сыртқа әкетуге шектеулер енгізілген болатын. Ауыл шаруашылығы министрлігі 14 қыркүйектен бастап бидай пен ұн экспортына шектеулерді алып тастады .

16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ