Қазақ тілінің кеңдігін, тереңдігін түсіндім

29 қыркүйек 2023, 11:13


Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарыш сапарынан келгенде қазақшаға шорқақ еді. Сонда ол көпшілік алдында «Келесі жолы ана тілімде сөйлеймін» деп уәде берген-ді. Қазақ тілін қалай тез меңгергенін айтып берді. Egemen.kz.
«Қазақстанда алғаш рет өткен Қазақ құрылтайында сахнаға біраз қазақтар шығып сөз сөйледі. Мен ол жиынға Олжас Омарұлымен бірге бардым. Екеуімізді де сахнаға шығарып, сөз берді. Өз кезегінде сөз алған Олжас Омарұлына көпшілік «Неге қазақша сөйлемейсің?» деді. Сонда ол кісі: «Келесі жолы ана тілімде сөйлеймін, уәде беремін», деп маған бұрыла қарады. Мен де сол кезде қазақтардың алдында қазақша сөйлеуге уәде бердім», — деді Т.Әубәкіров.
Батыр сол кезден бастап қазақ тілін ән арқылы үйренгенін айтты.
«Әнді көп тыңдадым, түсінбеген сөздерімді жазып алып, мағынасын іздедім. Осы тәсіл көп көмектесті. Содан кейін Қызылорда халқына алғыс айтамын. Сол өңірден депутат болып сайланғанда, халықтың ортасында жүруім қазақшамды жетілдіруіме үлкен ықпалын тигізді. Солай намысқа тырысып, халықтың арасында жүріп, қазақ тілінің кеңдігін, тереңдігін түсіндім», — деді ол.

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді