Қазақ – Мажар достығы

02 қараша 2023, 14:05

Фото: Aqorda

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ КӨКЖИЕГІ КЕҢ

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Мажарстан үкіметінің басшысы Виктор Орбанмен өзара ынтымақтастықты нығайту жайын талқылады.

Aqorda Telegram-каналы хабарлағандай, тараптар саяси диалогты нығайтуға, сауда-экономикалық ынтымақтастық пен мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге баса мән бере отырып, қазақ-мажар қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасына жан-жақты тоқталды.

«СІЗ ҚЫПШАҚСЫЗ!»

Президент Қазақстан мен Мажарстан арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға үлес қосқаны үшін Виктор Орбанға ризашылығын білдірді. Бұл ретте Қ. Тоқаев «Құрметті Премьер-министр мырза, ең алдымен, қазақ жеріне қош келдіңіз! Себебі сіз – қыпшақсыз. Бұл деректі қазақтар жақсы біледі әрі сізді сыйлайды. Сондықтан атамекеніңізге келдіңіз деп айтсақ, артық болмайтын шығар. Менің шақыруымды қабыл алып, Қазақстанға ресми сапармен келгеніңіз және Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысуға ниет танытқаныңыз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Бұл сапарыңыз екі ел арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беретіні сөзсіз. Сондықтан бүгінгі келіссөздер нәтижелі болатынына сенімдімін, – деді.

Виктор Орбан екі ел арасындағы саяси диалог пен өзара тиімді серіктестіктің деңгейін жоғары бағалады. Мажарстан Премьер-Министрі осыған орай «Атажұртқа оралу әрдайым керемет. Мажарлар Қазақстанға келгенде ерекше сезімді бастан кешеді. Өйткені екі халықты ғасырлар қойнауынан бастау алатын тарихи тамыры байланыстырады. Соңғы он жылда біз ынтымақтастығымызды дамытуға барынша күш-жігерімізді жұмсадық әрі жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Өзіңізбен ынтымақтаса жұмыс істеу – мен үшін зор мәртебе. Мажарстан әрдайым Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі болған. Алдағы уақытта да солай бола береді» деді.
Виктор Орбан, сондай-ақ, Мажарстан мен Қазақстан арасындағы байланыстың бұрын-соңды жетпеген деңгейге көтерілгенін айта келе, өзара ықпалдастықтың, әсіресе, экономикалық қатынастарымыздың әлеуеті зор екенін атап өтті.

JQ-Aqparat

Фото: Aqorda

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу