Қазақ қызы хиджаб емес, тақия киген

17 қазан 2023, 13:12

Жас қалам

Байқаймыз, соңғы кезде қоғамда «хиджаб» туралы сөз көбейді. Жұрттың пікірі екіге жарылды. Бірі «хиджаб байырғы заманнан бері келе жатқан дәстүріміздің бір бөлігі, ол дініміздің парыз етілген амалы» десе, енді біреулер «хиджаб бізге тән емес, ол арабтардың мәдениеті және оны кисек, біз өзге ұлттың жетегінде кетеміз, қазақтың қыз-келіншектері орамал мен кимешек киіп өздерінің арын сақтаған» деген уәжін алға тартады. Әрине, қазіргі заманда ешкімге де «мынаны ки, мынаны киме» деп талап ете алмайсың. Сондықтан әпке-қарындастарымыздың хиджаб киіп жүруі өз еркінде болса керек. Бәлкім, олар осы киім арқылы діни шартты және әйелдік ар-ұятын сақтап қалғысы келеді. Бірақ бұл орайда «сонда қазақтың бұрынғы көйлектері, жаулықтары, сәукелесі ислам өркениетіне қайшы болғаны ма» деген сауал туындайды. Тарихқа үңілсек, қазақ халқы өз қыздарына бұрыннан бері хиджаб кигізді деп айту қиын. Осы күнге дейін жеткен тарихшылар мен жазушыларымыздың деректеріне қарап, қыз-келіншектер хиджаб емес, тақия, бөрік, желек, жаулық, шәлі мен кимешек кигенін нақты айта аламыз. Мәселен, тұрмысқа шықпаған қыз орамал тақпаған.

Қалай десек те, қазақ елімізге хиджабтың киім ретінде енуінің салдарын уақыт көрсетеді. Дәл қазір қазақ қыздарының салт-дәстүрден алшақ кетпей,  ар-намысын сақтап жүруі маңызды.

 Жанат Тілекберген,

Абылай Хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 2-ші курс студенті 

 

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді