jasqazaq.kz

Қазақ әйелі: «Байтұрсынов деген атын айтқым келмейді»

08 тамыз 2019, 14:29

Жұмыс пен үйдің екіарасына жол-жөнекей адам алып, «тәксист» болыатын әдетіміз бар. Бүгін Саяхат автобекетінен бір әйелді мінгіздім. Қол көтеріп тұрған соң тоқтай қалғам.

-Гоголя – Космонавтов – деді. Жұмысыма жақын маң екенін іштей топшылап үлгердім. Оның үстіне тәксисттің жайы белгілі: көп ойланып тұруға уақыт жоқ. Ойланып-толғанып тұрсаң артыңдағы біреу іліп кетеді.

— Отырыңыз – дедім. Алдыңғы орынға жайғасты. Көзі ойнақтаған қараторы адам екен. Машинаға мінген соң «Гоголяны білемін. Космонавтов дегеніңіз қай көше еді?» – дедім. Анау бетіме жау көргендей бажырайып тұрып қарады. Содан кейін денесін жартылай бұрып: «Сен не үшін Космонавтов көшесін білмейді?» — демесі бар ма? Қазақшасы тілі жаңа шыққан баланікіндей тақ-тұқ екен.
-Не үшін білуім керек? Қазір ондай көше жоқ. Қазақша ат берілген – дедім. Ал ұрыс басталсын! Өзі де аузы сыпылдаған, ұрыс-керіске жақын әйел екен. Аттың басын жіберді.
-Это история города Алматы – деп бастады. – Мен осы қалада туып, осы қалада өстім. Космонавтов бұрыннан Космонавтов. Мен үшін всегда Космонавтов болып қалады. Мен оның қазіргі атын, Байтұрсынов деген атын айтқым келмейді. Бұл менің принципім! – деп сұқ саусағын көзіме ары бір, бері бір көстең-көстең еткізді.
-Сіз сияқтылардың кесірі көп тиіп жатыр: не қазақ болғыларыңыз келмейді, не Қазақстанда өмір сүргілеріңіз келмейді. Басқа вариантыңыз болмаған соң, амалсыз жүрсіз – дедім.
-Сен қателеспе! – деп тағы да сұқ саусағын мұрнымның астына тақады. – Менің атам – орыс болды. Орыс болғанда да көпес болған. Әжем казашка. Сұлу қыз. Атам оны алған. Оларда любовь болған. Бірақ сен оны түсінбейді.
-Оныңыз басқа әңгіме – дедім.
-Жоқ. Мен сендей нацистерді жек көремін. Совет одағы жақсы еді. Сен сияқты нацистерді ата салатын. Пистолетпен. Советский союз тарап, Қазақстан болғалы, ауылдардан сен сияқты нацистер қаптап кетті. Бұрынғы Алматы жақсы еді. Қаланың іші тап-таза болатын. Бәріміз орысша сөйлейтінбіз. Адамдары культурный еді. Көшелердің атауы да мамбетский емес еді. Қарашаш, Жиренше деген улициа бола ма? – деп бетін тыржың-тыржың еткізді.
-Амалыңыз жоқ. Енді Алматыда мен сияқты қазақтар ғана тұратын болады – дедім. Ол сөзімді түсінбеді ме, әлде ашу қысқанда сөйлей алмайтын әдеті бар ма, тұтығып қалды. Сөмкесінен 10 мың теңге шығарып «Мә» деді.
-Без сдачи жоқ па?
-Нету!
-Ну, извините – деп машинамды кері бұрдым.
-Ты куда?
Әлгі әйелдің көзі бақырайып кетті.
-Саяхатқа.
-Зачем?
-10 мың теңгеңізге қайратын сдачам жоқ. Мінген жеріңізге апарып тастаймын.
-Сен жынды ма? Мен осы жерден түсіп қалады – деп рөлге жабысты. Жолдың бойына тоқтадым. Түсіп қалды.

Жарас ШӨКЕ

18 қараша, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
18 қараша, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды
14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды