jasqazaq.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбітшілік жолындағы жаһандық қозғалыс туралы идеясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIII съезінің басты тақырыбы болмақ

05 қыркүйек 2025, 21:51

Парламент Сенатының Төрағасы, Съезд Хатшылығының Басшысы Мәулен Әшімбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі қарсаңында Qogam News жобасына сұхбат берді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Палата Спикері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Бейбітшілік жолындағы жаңа қозғалыс» қалыптастыру жөніндегі бастамасы алдағы форумда негізгі тақырыптардың бірі болатынын атап өтті.
Сенат Төрағасының айтуынша, бұл идея әлемде қақтығыстарды тоқтату және жер жүзінің әр аймағындағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендету жолында күш біріктірудің маңызды екенін көрсетеді. Хаос пен тұрақсыздық қалыпты жағдайға айналған қазіргі кезеңде рухани көшбасшылар ғана әлемде ізгілікті ілгерілету және қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу ісінде маңызды рөл атқара алады.
«Бұл халықаралық қауымдастық үшін дер кезінде қолға алынған аса маңызды форум болады. Қазіргі әлемге өзгеріс енгізу үшін іс жүзінде қандай да бір қадамдар қажет. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы көкейкесті мәселені көтерді және біз «Бейбітшілік жолындағы жаңа қозғалыс» идеясы VIII Съезд аясында негізгі тақырыптардың бірі болады деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.
JQ-Aqparat

 

 

 

 

 

 

18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат