Қаржыны игермеген министрліктер

13 қыркүйек 2023, 13:22

Биыл 8 айда мемлекеттік бюджет шығыстары 98,6 пайызға орындалды. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды inform.kz.

Министрдің дерегінше, 8 айда мемлекеттік бюджеттің шығыстары — 98,6, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,3, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,3 пайызға орындалды. Республикалық бюджет бойынша сомасы 14,5 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді.

«Атқарылмау 107 млрд теңгені, оның ішінде үнемдеу 21 млрд теңгені құрады. Игерілмегені – 86 млрд теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Төтенше жағдайлар, Экология және табиғи ресурстар, Туризм және спорт, сондай-ақ Ішкі істер министрліктерінде қалыптасты. Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді ұзақ мерзімде өткізу; шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерін дер кезінде өткізбеу; шот-фактуралармен атқарылған жұмыс актілерін уақтылы ұсынбау және басқалары», — деді ол.
Оның атап өтуінше, жергілікті бюджеттердің шығыстары 7,7 трлн теңгені құрады. Атқарылмағаны — 131 млрд теңге.

«Биыл өңірлерге 2 трлн теңгеге жуық нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 қыркүйекке 990 млрд теңге бөлінген. Оның 96,8 пайызы игерілген. Атқарылмағаны – 32 млрд теңге, оның ішінде 1 млрд теңге – үнемдеу, 31 млрд теңге игерілмеген. Ең көп игерілмеу Астана қаласы, Атырау, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында қалыптасты», — деді Ерұлан Жамаубаев.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді