jasqazaq.kz

Қарияларды өлтіріп, өртеп жіберген: 38 жастағы күдіктіні жер-көктен іздестіріп жатыр

08 тамыз 2025, 11:11

Сурет: Видеодан кадр

Алматы облысының полицейлері қарияларды өлтіріп, үйін өртеп жіберген азғынды жер-көктен іздестіріп жатыр. Қанды оқиға Талғар ауданына қарасты Панфилов ауылында болған, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап. 

Егде жастағы ерлі-зайыпты бақшасында өскен гүлдерді сатумен айналысқан дейді көршілері. Қаскөй қылмысты жасаған соң баспанаға от қойып кеткен.

— Таңғы он шамасында сыртқа шықсам, жедел жәрдем мен екі өрт сөндіру көліктері тұр екен. Әпкеме айтып, бірге шықтық. Сол сәтте көршіміз Денис аға да шығып, таңертең терезеден түтін көріп, өртті сөндірмек болғанын айтты. «Сөндірдім» деп едім, қайта түтін шықты деді. Кейін олар тірідей жанып кеткенін естідік. Жаттығуға кетіп бара жатқанымда, анам хабарласып, оларды өлтіріп кетіпті деді. Көршілеріміз өте жақсы, жайлы жандар еді.

Бастапқыда үй иелері өрт кезінде қаза тапқан деп болжанған. Алайда сараптама қорытындысы олардың асқан қатыгездікпен өлтірілгенін көрсетті. Күдікті таңғы сағат 9-10-ның шамасында көршілерінің үйіне қоршаудан секіріп кіріп, алтыны мен ақшасын ұрламақ болған көрінеді.  79 және 75 жастағы ерлі-зайыптының денесінен көптеген пышақ жарақаты табылған. Полицейлер мен куәгерлер келгенде мәйіттер жартылай жалаңаш күйде жатыпты.

Қазір осы сұмдық оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, 38 жастағы сол ауылдың тұрғыны күдікті деп танылған. Ол бұған дейін де бірнеше рет істі болған екен. Ауыл тұрғындарының айтуынша, оның абақтыдан шыққанына небәрі екі-ақ апта өтіпті. Қылмыс болған үйдің есігіне мөр басылып, күдіктіні құрықтау үшін жедел-тергеу тобы құрылды. Барлық шара жүргізіліп жатыр дейді Алматы облысы полиция департаментінің өкілдері.

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді