Қаратау ауданында жәрмеңке өтуде

29 тамыз 2023, 15:33

Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақты ұстап отыру үшін апта сайын шаһарға қарасты аудандарда жәрмеңке өткізілуде. Осы орайда Қаратау ауданыны аумағында апта сайын тұрақты түрде 5 орында жәрмеңкелер ұйымдастырылып келеді.

Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Мүлкемановтың айтуынша, онда ұн, жұмыртқа, ет, шұжық, сүт өнімдері мен күнбағыс майы секілді күнделікті тұрмысқа ең қажетті өнімдер нарықтан 15 пайызға арзан бағамен өткерілуде екен. Оның үстіне аудан тұрғындары үйіне жақын жерде өтетін жәрмеңкеге, әрі бағасы да қолжетімді болғандықтан азық-түлігін осы жерден алғанды жөн көреді екен.

— Бүгінгі таңда азық-түлік бағасының нарық бағамына көнбей бара жатқаны белгілі. Бағамен күрес іс-шаралары ауданда тұрақты жүргізіліп отыр. Президентіміз Жолдауында ауыл шаруашылығы өнеркәсіп өнімін арттыру, баға саясатын ұстану туралы тапсырмасына сәйкес, қалада бағаны тұрақтандыру жұмыстары атқарылып жатыр. Халық жиі қолданатын тауарлардың бағасын, арнайы шектеулі бағадан асырмауларын талап етуде. Шындап келгенде жәрмеңкенің жиі өткізілуі тауар өндірушіге де, тұтынушыға да тиімді. Біріншіден, тұтынушы қажет өнімін арадағы делдалсыз қолжетімді бағада ала алады. Екіншіден, шаруа өз өнімін сатылымға шығарып, нарықтағы бағаны тұрақтандыруға үлес қосады. Осы жағынан келгенде жәрмеңкенің аудан орталықтары мен Тараз қаласында жиі ұйымдастыру арқылы баға саясатына азда болса ықпал ете аламыз, — дейді Рахымберді Мүлкеманов.
«Жәрмеңкенің жиі өткізілгені қала тұрғындары үшін тиімді. Мұнда шаһар жұртшылығы қажетті азық-түлігін дүкен мен сауда орталықтарына қарағанда нарық бағамынан 10-20 пайызға төмен бағада алуларына мүмкіндігі бар». Президент бастамасымен дүниеге келген «Алқаптан сөреге» жобасының да мақсаты осы болатын, яғни ауыл шаруашылығы өнімдерін тұтынушысына арадағы делдалсыз өз бағасында жеткізу Қазір азық-түлік бағасы шарықтап кетті. Біз сияқты зейнеткерлер үшін жәрмеңкенің көмегі зор. Өйткені, біз мұнда сүтті, айранды шаруаның өз қолынан арзанға аламыз. Жұмыртқа мен етті де сауда нүктелерінен арзан ала аламыз. Қаламызда мұндай жәрмеңкелер жиі ұйымдастырылып тұрғаны біз үшін тиімді», — дейді қала тұрғыны Мұрат Әбиев.

Қаратау ауданында басқа да бағыттар бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, биыл жалпы ұзындығы 50 шақырымды құрайтын 70 көше орташа жөндеуден өтіп, асфальт төселсе, жалпы ұзындығы 33 шақырымды құрайтын 41 ішкі орамдық көшелерге шағал тас төселмек.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 18:53
Почему я за строительство АЭС в Казахстане?
Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды