jasqazaq.kz

Мөлдір Мұқанова қарашаңырақта ұлдары қалатынын айтты

03 қараша 2025, 17:10

Жақында белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқанова арадағы заңды некенің жойылғанын ресми түрде растағаннан кейін, қарашаңырағында кімнің қалатыны туралы айтты, деп хабарлайды Jas Qazaq.

“Мен үшін ыстық ұя деген — үй ішіндегі береке мен ынтымақ. Өкінішке орай, ата-анам өмірден өтті. Қарашаңырағымызды әкеміз туған жеңгесіне қалдырып кетті. Балаларым келсе, өщ үйіне келгендей болсын деп. Әлі күнге ауылымызға өз үйімізге барамыз. Өкінішке қарай ол үйде өз ата-анамыз тұрмайды.
Ал өз қарашаңырағымызда ұлдарымның қалғанын қалаймын. Менде екі ұл ғой,”-деді Мөлдір Мұқанова.
Бұдан бөлек енесімен қарым-қатынасы туралы айтты. Оның айтуынша, келін болып түскен күннен бастап ене мен келін арасында жиі кездесетін түсініспеушіліктерге жол бермеуді өзіне мақсат еткен. “Ақ босағаны аттаған сәттен бастап енемді өз анамдай көремін деп сөз бердім. Содан бері арамызда ешқандай кикілжің, реніш болған емес. Қарым-қатынасымыз өте жақсы”, – деді Мөлдір Мұқанова.

Еске сала кетейік, Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовтың өзін 14 жыл бойы алдап келгенін мойындады. Бұдан бөлек, балаларымен қоса онымен байланысу мүмкін еместігін жеткізген болатын. Алайда шоумен Тұрсынбек Қабатов балаларының ғана телефон нөмірін бұғаттамағанын жеткізген.

Олжас Әбдіхалық

Сурет: Jasqazaq.kz

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады