Қарақат Әбілдина: Тілсіз жау талай отбасын әбігерге салды-ау

03 тамыз 2023, 11:17

Әнші Қарақат Әбілдина Алматы қаласы «Ақкент» тұрғынүй кешенінде болған жағдайға қатысты пікірін білдірді. Өнер иесі инстаграм желісінде арнайы жазба қалдырды.
«Апат айтып келмейді. Әлеуметтік желіде жан түршігерлік видео,фото қаптады. Өң мен түсті айыра алмай,есеңгіреп қаласың. Сақтансаң сақтаушы Құдай. ”Садақаны сауыңда бер!”,- деген сөз бар.
Қайырды ең алдымен өзіңе, содан соң отбасыңа бер, бұдан кейін барып жақын туыстарыңа,одан артылғанын алысырақ ағайындарыңа, яғни жақыныңнан бастап алыстауларына қарай үлестір. Садақа бәлені қайтарады және өмірді ұзартады. Мал-мүліктеріңді зекет беру арқылы қорғаңдар. Ауруларыңды садақа беру арқылы емдеңдер!
Дұға ету арқылы бәле-жаладан сақтаныңдар!, — деген пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (Алланың игілігі мен сәлемі болсын)хадисті жеткізген.
Жүректі сыздатып,тәнді тітіркентер тілсіз жау, талай отбасын әбігерге салды ау? Алла жеңілдігін берсін!Қаза болған қандасымызды Алла рахымына бөлесін! Жұмыла көтеріп,көзсіз батырлық көрсетскен өрт сөндірушілерге мың алғыс! Сақтықта қорлық жоқ!Электр тұтығуының алдын алыңыздар!Алладан жәрдем сұрап,дұғада болайық! Жеңілдігін берсін!Бала -шағаны қараусыз қалдырмайық!
Ел аман,жұрт тыныш,бейбіт заман болсын! Ана мен бала жыламасын! Ерлеріміздің рухы құламасын!Құдай өзі жар болсын! Бір бірімізге дұғада болайық!Болысайық, жақсыларым!»,- деп жазды Қарақат Әбілдина.

JQ-Aqparat

08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады