Қарақат Әбілдина: Мәдина апайдың бүрмелі көйлегі мәңгі есімде қалды

02 қараша 2023, 12:00


Әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желіде марқұм Мадина Ералиевамен алғаш жүздескен күнін еске алды.

«Ауылға Мәдина Ералиева концертпен келді. Қарағанды облысы Ақтүбек ауылы 3-сынып оқушысымын. Кішкентай ғана клубтың ішіне бүкіл ауыл барып алдық. Ығы-жығы адам, бар орында үлкендер отыр. Бала-шаға сырттан сығалап жүр. Іште ине шаншар орын жоқ. Өзім шынашақтай арық, қара қыз. Көпшілік кіруге ентелеп, төпелегенде жаншылып қала жаздаймын. Сонда да жақыннан көрем деп сығылысып кіріп алдым.

Мәдина апайдың бүрмелі көйлек, кестелі қамзолмен сызылып сахнаға шыққаны, қасын керіп, кірпігін қағып, әлсін ғана маңғаздана мойнын бұрып, бұлбұл даусымен сызылтып әнін салғаны… Халықтың қошеметіне бөленіп, иіліп сәлем бергені… Ой Алла , бәрі есімде.

Сол көрініс бала Қарақаттың көз алдында қалып қойды. Талай түндер көзін жұмып, сол сахнада, оюлы әсем костюммен шырқата ән салып, ел ықыласына бөленіп жатқанын елестетті. Жылдар өте ол ойлар шындыққа айналды.

Сонда сол бір сәт маған сенім берген екен ғой. Міне, санаулы күндер қалды ғой, еңбек жолымыздағы үлкен концертті береміз. Сонда келген әр тыңдарман сондай бір күш, рух, сенім, махаббат, жалын, от алғанын қалаймыз. Жастарды көптеп қамтып, ұлттық рухты оятқымыз келген ниет», -дейді өнер иесі.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу