jasqazaq.kz

Қарағандыда жас келіншекті екі баласымен бірге көлік қағып кетті

15 қыркүйек 2022, 14:36


Қарағандыда 24 жастағы әйелді екі баласымен бірге көлік қағып кетті. Үшеуінің де жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға бүгін таңғы сағат 08:50-де Қарағандыда 14-шағынауданындағы автостанция маңында болды.

«Audi» автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі автостанцияға қарай жүріп келе жатып, жолды белгіленбеген жерден өтпек болған жаяу жүргіншілерді – анасы мен екі баланы қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 24 жастағы әйел мен оның 3 және 5 жасар балалары медициналық мекемеге жеткізілді«, — деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Дәрігерлердің айтуынша, ана мен бір баласының жағдайы ауыр.

»Бір бала мен әйел №1 көпбейінді ауруханаға, өте ауыр және ауыр жағдайда реанимацияға жатқызылды. Екінші бала Мақажанов клиникасында тексеріліп, облыстық балалар клиникалық ауруханасына жіберілді. Жағдайы орташа«, — деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ