jasqazaq.kz

Қарағандыда 15 жастағы қызды қалыңдық етіп алған 38 жастағы азаматқа қатысты сот отырысы басталды

03 қазан 2025, 9:58

Қарағандыда 15 жастағы қызды қалыңдық етіп алған азаматқа қатысты сот отырысы жүріп жатыр. Кәмелетке толмаған оқушының туған әкесі қызын ұзатып жіберген бұрынғы әйелі мен оның азаматтық некедегі күйеуін де жауапқа тартуды талап етіп отыр. Өйткені қызды еркінен тыс күйеуге бергендер куәгер ретінде ғана сұралып жатыр екен, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Оқиға Абай қаласында болған. Анасы мен өгей әкесі 15 жастағы қызын күйеуге беріп жіберген. Алайда ол бес күннен кейін туған әкесіне қашып келіпті. Ол бірден полицияға арыз жазады. Тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған қызды әйел қылған 38 жастағы ер адамды Астанаға қашып бара жатқан жерінен ұстап, қамауға алды. Қыздың анасы, өгей әкесі мен күдікті де теріс ағым өкілдері. Сол ағымның тәртібіне сай, баланы ересектің етегінен ұстатқан дейді қыздың туған әкесі. Оның қолындағы басқа балалар да осы күйді кешпес үшін білім бөлімі әйелді ата ана құқынан айыруды талап еткен. Бірақ сот арызды қанағаттандырмады. Қыздың әкесі істі тергеу тиісті деңгейде жүргізілмеген дейді. Сондықтан бас прокуратура мен ІІМ-не арызданыпты.

Қыздың әкесі: — Қазір қамауда отырған күдікті қызымды үш рет зорлаған. Бұл ауыр қылмыс. Ал сол азғынның қойнына баланы салып берген менің бұрынғы әйелім мен күйеуі неге жауапқа тартылмайды? Олар куәгер ретінде ғана жүр. Менің қызым өз еркімен оған тұрмысқа шыққан жоқ қой. Күдікті бұлардың 10 жылдан бері араласатын жолдастары болып шықты. Соған ұзатқан.

 

Бүгін, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
Бүгін, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат