Қарағандыда 12 бала неден уланды?

01 тамыз 2023, 15:51

Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Қарағандыдағы әлеуметтік орталықта орын алған жағдай туралы пікірін айтты.

«Бұл орталықтағы 12 балаға «түсініксіз генезді улану» диагнозы қойылды. Әзірге улану себебі түсініксіз. Өкінішке қарай, 12 баланың біреуі көз жұмды. 6 бала жансақтау бөліміне түсті. 5 баланың жағдайы орташа ауыр. Бұл балалардың барлығы – жасөспірім ер балалар. Оның себебін анықтау үшін уақыт керек. Тамақтан улануы мүмкін деген алдын ала күдік бар. Бірақ бірінші тексерістен мұның улануға қатысы жоқ екені анықталды. Осы жайтты, балалардың жағдайын ескеріп, денсаулық сақтау министрі оқиға орнына кетті», — деді ол.

Қарағанды облысында балалар жаппай уланып, бір бала қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният облысқа аттанды. Бас прокуратура аталған жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

JQ-Aqparat

08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады