jasqazaq.kz

Қарағанды тұрғындары “Sincere Systems Group” қаржы пирамидасына 52 млн теңгеден астам қаржыны салып жіберген

06 тамыз 2025, 11:19

Сурет: Depositphotos.com

Қарағанды облысы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің департаменті “Sincere Systems Group” қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды jasqazaq.kz ҚМА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл қаржы схемасы шетелдік инвестициялық компания ретінде көрініп, азаматтарға жоғары табыс әкелетін жобаларға инвестиция құюды сонымен қатар, медициналық каннабис өсіру мен сату, сондай-ақ басқа да «инновациялық» бағыттар ұсынынған.

Алаяқтық схеманы заңды әрі ашық етіп көрсету үшін жеке кабинеттері бар арнайы сайт әзірленген. Қолданушылар өз шоттарын SWP және SWCT ішкі токендерімен толықтырып, оларды фиат ақшасына айырбастай алған. Алайда, салымшылардың қаражатын күдіктілер өз қажетіне жаратқан.

Келтірілген залалдың жалпы сомасы 52 млн теңгеден асты.

Сот санкциясымен Астана және Теміртау қалаларында орналасқан күдіктілердің жалпы құны 76 миллион теңге болатын жылжымайтын мүлкіне тыйым салынды.

Күдіктілерге қатысты үй қамаққа алу және елден шықпау туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

 

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді