jasqazaq.kz

Қарағанды облысында инкассатор көлігі отқа оранды (Видео)

04 желтоқсан 2025, 11:34

Қарағанды маңындағы тас жолда инкассаторлық көлік пен жеңіл автокөлік қатығысып, салдарынан инкассатор бірер сәтте отқа оранып, жүргізушісі қаза болды. Құжатталған үш миллион теңгеден астам қаражат түгелімен жанып кетті, ал апатқа себепкер болған жүргізуші қамауға алынды.

Қайғылы оқиға «Қарқаралы–Қарағайлы» автожолында болған. Облыстық полицияның мәліметінше, Toyota Camry жүргізушісі рөлге ие бола алмай, инкассаторлық Lada Largus көлігімен қатты соқтығысқан. Соққының салдарынан инкассатор көлігінің 28 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Оның 36 жастағы әріптесі және Camry автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілген.

Апат фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Camry тізгіндеген ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында оның мас күйде болғаны және бір жыл бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.

Инкассаторлық көлікте үш миллион теңгеден астам қаражат болған. Қатты соққыдан кейін тұтанған өрт ақшаны да, көлікті де толықтай жойған.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін мұқият сақтауға шақырып, мас күйінде рульге отырудың қайғылы салдарына тағы бір мәрте назар аудартты.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Караганда | Новости (@vkaragande.kz)

inform.kz

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді