jasqazaq.kz

«Қарадала» халық театры көрерменімен қауышты

03 қараша 2020, 13:10

    Қараша айының 2- күні  Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында Ұйғыр ауданында шымылдығын ашқан «Қарадала» халық театры өнер сүйер қауыммен қауышты.  Өнер иелері А.Құнанбаев поэмасының желісімен сахналанған «Ескендір» қойылымын көпшілікке ұсынды. Театр төрінде премьераға арналған пресс-конференция өтті. Іс-шараға ҚР Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс, сондай-ақ Алматы облысы мәслихатының депутаты — Ызғарбек Бектұрсынов, қоюшы-режиссер — Асқар Наймантаев және аудан әкімінің орынбасары Қадыржан Исаханов қатысты. Модератор – Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы  Мәрлен Қапашұлы қатысты.

«Ескендір» — Абайдың гуманистік көзқарасын тереңірек танытатын елеулі сюжетті туындысы. Шығарма Шығыста Ескендір Зұлқарнайын деген атпен белгілі, Еуропада Александр Македонский аталатын ежелгі грек қолбасшысының өмірі жайындағы аңызға құрылған. Автор Ескендірдің өмірбаяндық деректерін дәл келтіреді де, оның дүние жүзін жаулап алмақ болған шапқыншылық саясатын сынауға ауысады. Пьесада жауыздыққа жетелейтін тойымсыздық екенін көрсете келіп, әділдік, даналықты соған қарсы қояды.

Шығарманың авторы – Абай Құнанбайұлы. Спектакльдің қоюшы-режиссері – Асқар Наймантаев.

«ҚАРАДАЛА» ХАЛЫҚ ТЕАТРЫ.

Нарынқолда өткен бір жиында бұрынғы жылдары Райымбек ауданының әкімі болған, қазір Ұйғыр ауданының тұрғына, ел ағасы, қадірлі ақсақал, Алматы облысы мәслихатының  депутаты Ызғарбек Бектұрсынов аға Асқар Наймантаевтың Нарынқолда «Хантәңірі халық театрын» қайта ашып жатқанын естіп, «Қарадала өңірінде де осындай өнер ошағы ашылса, соған жөн сілтеп, жол көрсетіп жіберші?»-деп Асқар Наймантаев пен белгілі продюсер Едіге Қожахметті Шонжыға шақырады. Аудан әкімінің орынбасары Қадыржан Исаханов, аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрәкім Есжанов,  Мәдениет үйінің директоры Салтанат Ермұхаметова, өнер жанашырлары Жәннет Керімқұлов, Қанат Сартоловтар қатысқан ақылдасу жиыны Асқар Наймантаевтың осы театрды ашу үшін алғашқы қойылымды қоюға келісім беруімен аяқталады.

Сол күннен бастап Ызғарбек ақсақал «Қарадала халық театры» — деп ат қойған театр дайындық жұмыстарын бастап, Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасын сахналау жұмысы басталып кетеді. Оған «Жазерке» және «Арзу» ұйғыр ансамбльдерінің өнерпаздары қатысып жатыр. Сахналық нұсқасын жасап, режиссерлық жасаушы Асқар Наймантаев. Сахна сайысын қоюшы Ернар Бейсенбек, көзге көрінбей-ақ көлемді жұмыстар атқарып, «Хантәңірі», «Қарадала» театрларының ашылуына көмек жасап, ұйымдастру жұмыстарына белсене араласып жүрген Едіге Қожахмет.

jasqazaq.kz

Бүгін, 11:51
Алматы: Сапалы ауыз сумен қамту бағытында
25 қыркүйек, 13:46
Алматы: Көлік инфрақұрылымындағы жаңа белес
25 қыркүйек, 13:15
Бүгінгі Әлемнің Тілеуі – Қауіпсіз Ғалам
23 қыркүйек, 16:23
"Үлкен Алмадағы" жемісті жүздесу
22 қыркүйек, 15:31
TEKNOFEST 2025: Стамбулды технология ордасына айналдырған фестиваль өтті
20 қыркүйек, 23:04
PRO.NRG Fest 2025: Тамыры тереңнің бұтағы биік
20 қыркүйек, 12:12
Қала күніне орай ауданда жаңа жүргіншілер аймағы ашылды
03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды