«Қара алтын» неге қымбаттады?

04 тамыз 2023, 14:12

Бүгін әлемдік базардағы мұнай бағасы біраз көтерілді. Атап айтқанда, Brent маркалы қара майдың баррелі (159 литр) 85,14 долларды құрады. Сарапшылар осы аптада өсім деңгейінің сақталуына АҚШ-тағы мұнай қорының азаюы себеп болғанын алға тартады.
Бизнес бағыттағы ақпарат құралдары хабарлағандай, бұл жетіде «қара алтын» бағасының өсім деңгейі сақталды. Дүйсенбіде биржадағы көрсеткіш 85,56 долларға жетті. Бірақ ертесіне алдымен 84,91, содан кейін 83,20 долларға дейін төмендеді. Ал сәрсенбіде 86 долларға шарықтады. Бейсенбіде «бөшкенің» (1 баррель) құны – 84, 91 доллар шамасында болды.

Фото: profinance.ru

profinance.ru

Бизнес сарапшылар қымбаттауға АҚШ-тағы мұнай қорының күрт азаюы себеп болғанын айтады. Осы елдің энергетика министрлігі жариялаған мәліметке қарағанда, американ мұнайының қоры өткен жетіде 17,05 млн баррельге азайып, 439,771 млн баррельге барып тоқтаған. Бұған АҚШ-тағы мұнай өңдеу зауыттарының отын өндірісін арттыруы және күнделікті «қара алтын» экспортының 5 млн баррельден асуы ықпал етіпті.
Мамандардың есебі бойынша сарқылу көрсеткіші 1,37 миллионан аспауы тиіс еді. Мұнай қорының дәл осылай көп мөлшерде азаюы соңғы рет 1982 жылы тіркелген екен.

JQ-Aqparat

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады