jasqazaq.kz

Қанат Ысқақов: Масс-медиа туралы заң әлі талқыланады (Видео)

09 ақпан 2023, 12:06

Масс-медиа туралы заңның тұжырымдамасы нормативтік-құқықтық актілер сайтына жарияланып қоғамда қызу талқыланып жатыр. Жаңа заң жобасында барлық мемлекеттік органдарға аккредиттеуден өтуге бірыңғай баспасөз картасын енгізу ұсынылып отыр.

Ол тек кәсіби тәжірибесі бар журналистерге ғана беріледі. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше бұл журналистердің әлеуметтік-құқықтық мәртебесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Картаны беру мен алу механизмдерін үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асырады. Жаңа заңға қатысты еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қанат Ысқақов:«Заң әлі талқыланады. Біздің жоспар бойынша заң жобасы Мәжіліс қарауына наурыз айының аяғында немесе сәуір айының басында кіруі тиіс. Осы екі айдың арасында кіргізуге тиіспіз. Қазіргі таңда ең алдымен біздің еңбасты құндылықтарымыз сөз бостандығы, цензураға тыйым салу, журналистің әлеуметтік мәртебесін қолдау және ақпараттық қол жетімділікті ары қарай дамыту бағыты біздің ең басты мақсаттарымыз болып қалады»,-деді.

JQ-Aqparat

16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ