jasqazaq.kz

Қанат Исламның міндетті қарсыласы белгілі болды

28 қараша 2017, 15:26

Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) чемпионаттар жөніндегі комитеті қазақстандық боксшы Қанат Исламның (25-0, 20КО) міндетті қарсыласы ретінде америкалық Джон Вераны (18-0, 11КО) белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

WBA қауымдастығының хабарлауынша, тараптарға хабарландыру 21 қарашада жеткізіліп, екі боксшының командасына келіссөздер өткізуге 30 күн уақыт берілген. Егер, екі жақ жарысты өткізу туралы нақты келісімге келе алмаса, кездесуді өткізу құқығы бәссаудаға қойлатын болады.

Айта кетейік, бірінші орта салмақта өнер көрсететін Қанат Ислам соңғы кездесуін ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде канадалық Брэндон Кукке қарсы өткізіп, WBA Inter-Continental және WBO NABO титулын қорғап қалды. Отандасымыз 25 жеңісінен кейін, WBA нұсқасы бойынша бірінші орта салмақтың рейтингінде көш бастады. Бүгінгі күні ол BoxRec әлемдік реитингіде 11-орында тұр.

Ал Джон Вера кәсіпқой бокста 18 кездесу өткізіп барлығында жеңіске жеткен. Ол WBA рейтингінде Қанаттан кейінгі — екінші орында.

10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда