Қали Сәрсенбай: Жұрттың тауық қорасында да тұрдық

19 қазан 2023, 12:08

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, журналист Қали Сәрсенбай Алматыда 11 жылда төрт баласымен 19 пәтер ауыстырғаны туралы есіне алды.

«Гаражда да тұрдық. Далада да тұрдық. Жұрттың тауық қорасында да тұрдық. Тіпті бір үй болды. Бер жағында сиыр тұрады. Біз соның ішінен өтіп, үйімізге кіреміз. Сондай жағдайлар көп болды. Әйтеуір далада қалмайсың ғой енді. Сонымен қатар жазушы алғашқы үйін алғанша 19 пәтер ауыстырғанын айтты. «Алғашқы пәтерім 1991 жылы берілді. Оралхан Бөкей «Қазақ әдебиетіне» шақырады. Сол жерде Шерхан Мұртаза шақырды. Барсам «Оларда 600 жазушы бар. Табады олар» деді. Сосын «Егемен үй бергелі жатыр» деп, Орағаңа өтірік айттым. Ол кісі «Ойбай, үй беретін болса, бар. «Қазақ әдебиеті» қайда қашар дейсің» деді. Керемет мейірім, ықылас қой. Сол өтіріктен кейін Құдай қолдап, наурыз айында үй берді. 11 жылда 19 пәтер ауыстырдық. Жыл сайын емес, ай сайын ауыстырған кездер де болды. Бір айда үйде тұруымыз мүмкін. Бір үйге барып тұрсақ, ештеңе сыймайды. Бір диван тұр. Соның үстіне балаларды жатқызамын», — деді Қали Сәрсенбай.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді