Қалдыбек Құрманәлі: Әндерім келер ғасырдың есігін қағып тұрса, соның өзі маған бақыт

07 қыркүйек 2023, 15:33

Алматыдағы Ұлттық кітапханада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті композитор Қалдыбек Құрманәлінің фотоальбом-кітабының тұсауы кесілді. Салтанатты шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, өнер адамдары, ақын-жазушылар, ғалымдар және кітапхана қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында сөз алған академик Мұрат Жұрынов: «Бүгін біз еліміздің сүйікті композиторы Қалдыбек Құрманәлінің кітабының тұсаукесеріне келіп отырмыз. Қалдыбек — елімізге еңбегі сіңген қайраткер. Оның «Ән аға», «Шәмшімен сырласу» деген әндерін ерекше атап айтқым келеді. Бүгінгі кітабының тұсаукесерімен құттықтаймын, шығармашылығы арта берсін»,- деді.

Алғашқы рет шығып отырған фотоальбом-кітабында композитордың әндері ноталарымен бірге, әншілердің суреттерімен қоса берілген. Сондай-ақ бұрын-соңды басылым беттерінде жарық көрмеген, балалық шақтағы суреттерін көруге болады.

 


Қалдыбек Құрманәлінің айтуынша, жинақты шығаруға екі жылдай уақыт кетіпті. «Осы күнге дейін жеке ән жинағым шықпаған екен. Ойлана келе, шығармашылығымның 35 жылдығы қарсаңында оқырман қауымға өнердегі жолым, әндерім, ойларым мен жан сырымды өзім жеткізгім келді. Жүрек қылын шертер ән жазу — қиынның қиыны. Халықтың ерекше сүйіспеншілігіне бөлену үшін әннің саны емес, сапасы маңызды екенін түсіндім. Әндерім келер ғасырдың есігін қағып тұрса, соның өзі маған бақыт», — деді.
Жиын барысында автордың әріптестері мен өнердегі ағалары. достары мен жақындары Қалдыбек Құрманәлі жайлы ыстық естеліктерімен бөлісіп, жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар автордың қоржынындағы әсем әндер де шырқалды.

Мақпал Ноғайбаева,
Алматы

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді