Қаламқас Ботабекова: Журналист өз саласын терең білуі керек

21 тамыз 2023, 15:01

 

Технология қарыштап дамыған бүгінгі заманда ақпарат таратудың жаңа тәсілдері пайда болды. Қағаз газеттердің орнын неше түрлі портал мен әлеуметтік желілер басты. Дегенмен оқырманға шынайы ақпарат таратып, рухани жағынан байытуға үлес қосуда  дәстүрлі газеттің орны айрықша. Осы орайда біз Түркістан облысындағы «Жемқорлық және заң» газетінің бас редакторы Қаламқас Ботабековамен  арнайы сұхбаттасып, республикалық газеттің қазіргі жай-күйі мен салалық журналистиканы дамыту жайын сұрадық.

— Қаламқас Әлиакбарқызы, алғашқы сауалымызды салалық журналистиканың даму тенденциясына қатысты қойсақ. Әр тақырыпқа, әрбір салаға маманданған тілшілерді, журналистерді шыңдау үшін қайтпек керек?

Журналистика – өжет мінез бен асқан қайсарлықты  талап ететін жолы ұлы дара сала. Ол салада еңбек ететіндер барлық саланы да біле алатын сауатты, білімді болуы шарт. Әдетте мекемелердің баспасөз қызметінде жұмыс істейтін журналистер  мен редакцияда қызмет ететін журналистер екі түрлі пікірде болып жатады. Редакциядағы ақпарат өкілдері әр саланы терең түсіне алуы қажет, оларға қойылатын талап та күшті. Әр салаға бөлінетін журналистердің тиісінше сол саланы тереңірек түсініп, меңгеруі үшін мемлекет тарапынан қажетті қаражат бөлінуі тиіс. Жеке бас мүддесіне емес, өз саласындағы тәжірибе алмасу форумдары, оқыту семинарлары, қажет деп тапса, магистратура гранттары түрінде. Келешектің тарихын қалыптастырушы ақпарат өкілдерінің әр жазбасы назарға алынып, құқық қорғау органдарымен мониторинг арқылы сараланып отыруы керек. Әлбетте, интернетте жарық көретін ақпараттар шынайы болуы керек.

Республикалық «Жемқорлық және заң» газетінің тарихына қысқаша тоқталып өтсеңіз. Басылымның қазіргі тыныс-тіршілігі қандай, таралымы қанша?

— Өзім қызмет ететін «Жемқорлық және заң» газеті 2015 жылы жарыққа шыққан. Баспаға 2018 жылы журналист болып келдім. Кейін бас редактор зейнетке шыққан соң, сол орынға құрылтайшы тағайындады. Қазіргі таңда баспахананың талабына сәйкес, 1000 данадан төмен газет шығара алмаймыз. Бірақ мемлекеттік тапсырыс орындамаймыз, ешкімді де жазылуға міндеттемейміз. «Сыбайлас жемқорлықты жою комитеті» қоғамдық бірлестігінің жанынан ашылған газет, қоғамдық бірлестіктің жарғысына сәйкес, құқықтық көмек арқылы айлық-жалақымызды шығарамыз. Газет – ақпаратқа қол жеткізуге және оны зерттеуге, заңсыз оқиғаларды жариялауға керемет мүмкіндік береді. Жалпы журналистік зерттеу — өзімнің сүйікті ісім.

Кейінгі буын өкілдері, оның ішінде өзіңіздің замандастарыңызды «не жазды екен» деп оқып, сырттай бақылап жүресіз бе? Жас журналистердің соқталы тақырыптарға қалам сілтесі, публицистикадағы аяқ алысы қалай?

— Интернет сайттардағы ақпараттардың қайсысы шын, қайсысы интрига үшін жасалғанын, қайсысы жалған екенін анықтау біраз уақытты алып жатады. Ал қағаз басылымда жарияланған материалды өшіріп немесе өзгерте алмайтын болғандықтан, оған жеті рет ойланып, бір кесіп барып жазамыз. Шындығын айту керек, қазір, облыс, аудандарда газетке жазылу  азайып кетті. Әсіресе, біз секілді сыни мақала жазатын газетке қиын соғады. Кейде сынау, сын айту дұрыс емес деп жазатын әріптестерге қынжылып жатамыз. «Сын түзелмей мін түзелмейді» емес пе?  Менің ойымша, ақпаратты бұрмалау, әлдекімге жағымпаздану журналистің қызметіне өшпестей таңба қалдырады. Шындықты жазып, ақиқаттан ауытқымайтын басылымға қиындау соғатынын айтуымыз керек. Өйткені мекемелерге өздерін ұдайы мақтап отыратын басылымға жазылу әлдеқайда тиімді. Бұл тәуелсіз журналистердің де, басылымның да қараусыз қалуына әсер етуі мүмкін.

— Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Мақпал Ноғайбаева

07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз