Қала әкімі жылу маусымына дайындықты күшейтуді тапсырды

29 тамыз 2023, 11:26

Бүгін қала әкімі М.Әйтенов арнайы жиында алдағы жылу маусымына дайындық шараларын пысықтап, өзекті мәселелердің шешімін қарастырды. Қазір қала аумағында бөлек орналасқан 23 жылу қазандығының 19-ы қысқы маусымға дайын. Қалған қазандықтар бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде, кестеге сәйкес биылғы жылдың 15 қыркүйегіне дейін толық аяқталады. Орталықтандырылған жылу жүйесіндегі 17 сорғы станциясының 13-ы дайын, қалғанында тиісті шаралар жалғасуда.

М.Дүйсенбекұлы былтырғы қыстың қаттылығын ескере отырып, кемшіліктерді назарға ала отырып, биылғы жылу маусымына дайындықты барынша күшейту, қажетті шаралардың барлығын мерзімінде қамту бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар жауаптыларға тұрғындарға қолайсыздық тудырмас үшін жылу құбырлары жүргізілген аумақтарды дер кезінде қалпына келтіруді ескертті. Өзекті мәселелелер туындаған көпқабатты тұрғын үйлерге басымдық беріп, ішкі жүйелерді қалпына келтіру бойынша тұрғындардың жауапкершілігін арттыруда шаралар қабылдауды ескертті.
Жиында қала әкімі энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Мақсат Ердембековке жұмысты үйлестіруде салғырттық танытқаны үшін сөгіс берді. Жауаптыларға қала аумағындағы барлық мекемелер мен көпқабатты тұрғын үйлердегі жылу жүйелері мен қазандықтардың қысқа дайындығын тездету және жұмыстарды сапалы, мерзімінде жүргізу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Шаһардағы «3-Энергоорталық» АҚ-ның станция жабдықтарын жөндеу мақсатында бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы және қысқа дайындық жұмыстары бойынша арнайы баспасөз туры өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Дархан Қайыңбердиев, қала мәслихатының депутаттары, БАҚ өкілдері қатысты. Шымкент қаласының табиғи монополияларды реттеу департаменті қала әкімдігімен бірлесіп, 2022-2026 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаны бекіткен-тін.

Орталық өткен жылыту маусымын жоспарға сай өткізген. Іс-шарада «3-Энергоорталық» АҚ бас директоры Қайрош Оңғарбаев атқарылған жұмыстарды баяндап, қазіргі таңда жылу орталығы қысқы маусымға толық дайын екенінін жеткізді. Бүгінде №1 қазандық агрегатының 2, 4-сатысына күрделі жөндеу жұмыстары атқарылуда. Бұл жұмыстарды 2023 жылдың 24 қыркүйегіне аяқтау жоспарланып отыр.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 18:53
Почему я за строительство АЭС в Казахстане?
Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды