jasqazaq.kz

Қайыршының табысы қанша? (видео)

05 желтоқсан 2017, 11:00

YouTube хостингіндегі САША В ТЕМЕ арнасы Алматыда қызық эксперимент өткізді. «Мен көшедегі қайыршылардың үш түрлі рөлін сомдап көрдім. Олардың айына қанша ақша табатынын білдім.

Нәтиже мені таңғалдырды», — деп жазған автор видеоның сипаттамасында. Блогер бастапқыда көше музыкантының образында болды. Осылайша, ол Панфилов көшесінде гитарамен ән айтып тұрып, жарты сағатта 2 790 теңге тапты. Сосын ол Абай көшесіндегі Орталық стадионның аялдамасына барып отырды. Мұнда ол жұмысынан айырылған, бірақ отбасын асырауы керек ер адамның рөлінде болды. Блогер аялдамада отырып, 1 090 теңге жинады. Ал үшінші образында ол «Ресей» дүкенінің маңынан өтіп бара жатқандарға кештердің бірінде әмияны мен ұялы телефонын жоғалтып алғаны жайлы айтқан. Осылайша, ол осы жерде 2 050 теңге тапқан. Ролик соңында автор күніне айына 20 күн және күніне 8 сағат қайыршылықпен айналыссаң, біраз ақша табуға болатынын айтады. Яғни, көшедегі музыкант айына шамамен 890 мың теңге, «ұрлықтың құрбаны болған адам» 819 мың теңге, ал аянышты образда отырған қайыршы 348 мың теңге таба алады.

tengrinews.kz

10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда