jasqazaq.kz

Қайсар Қамзаның 93 миллиондық криптоактивіне тыйым салынды (Видео)

14 қантар, 9:47

Қайсар Қамзаға халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды jasqazaq.kz Қаржы мониторингіне сілтеме жасап.
Агенттік ақпаратында көрсетілгендей, сот күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған. Ол заңсыз ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдікке ілінген.
Күдікті соңғы 5 жыл бойы Instagram әлеуметтік желісінде «qais_arr» атауымен блогерлік қызмет жүргізіп, аталған аккаунтта 2,4 миллионға жуық жазылушысы болған. Сонымен қатар ол Telegram мессенджеріндегі «Қора энтертейнмэнт» жабық арнасын басқарған. Бұл арнаның аудиториясы 368 мың жазылушыны құраған.
Тергеу материалдарына сай, Қайсар әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларын пайдалана отырып, Қазақстан азаматтарын «Pinco» интернет-казиносында тіркелуге және құмар ойындарға қатысуға бағытталған бейнематериалдар мен жарияланымдарды жүйелі түрде орналастырып отырған. Жазбаларда тікелей сілтемелер, графикалық элементтер, сондай-ақ пайдаланушыларға бонус беруге арналған жеке промокод көрсетілген.
Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, күдікті осылайша азаматтарды құмар ойындарға тарту арқылы ойын платформасынан сыйақы, бонус және пайыздық аударымдар түрінде табыс алған.
Заңсыз жолмен алынған кірістерді жасыру мақсатында күдікті криптовалюталық әмиянды пайдаланған. Тергеу деректеріне сәйкес, оған «Pinco» интернет-казиносының ұйымдастырушыларынан криптовалюта түрінде төлемдер түсіп отырған.
Сот санкциясымен 182 736,741 USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

Қаржылық мониторинг агенттігі іздеуде жүрген тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат белгілі болған жағдайда келесі байланыс нөміріне хабарласуды сұрайды:
📞 +7 (7172) 70 84 78 — кезекші бөлім.

 

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады