jasqazaq.kz

«Қайратым» қажырымен қанаттанды, Алуға биіктерді тағы аттанды!

27 тамыз 2025, 1:00

Қазақ әдебиетінің классигі, футболдың нағыз жанкүйері Ғабит Мүсірепов сүйікті командасы жеңіске жеткенде осылай қуанған еді. Міне, сол “Қайрат»  Еуропаның азулы клубы, Шотландияның 55 дүркін жеңімпазы “Селтикті” тізе бүктіріп, Чемпиондар Лигасындағы жеңісті жолын жалғастырды.

Алматының Орталық стадионында өткен ойын негізгі және қосымша бөлігінде есеп ашылмады. Глазгода өткен кездесуде де гол соғылмаған болатын. 11 метрлік пенальти соғуда “Қайраттың” қақпашысы Темірлан Анарбеков үш рет қақпасын қорғап қалды. Жалпы есеп 3:2. Осылайша, “Қайрат” өз тарихында бірінші рет Чемпиондар Лигасының негізгі тобында ойнайтын болды. Енді жанкүйерлердің сүйікті командасы “Реал” “Барселона”, “ПСЖ” сияқты әлем футболының алпауыттарымен жасыл алаңда күш сынасуы да ғажап емес.

Жеңіс құтты болсын, “Қайрат”!

Jas Qazaq

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

Сурет: @sputnikKZ

Бүгін, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр