jasqazaq.kz

“Қайрат-Реал” матчында 2500 полиция қызметкері тәртіпті бақылайды

29 қыркүйек 2025, 16:28

Күні ертең Алматыда отандық «Қайрат» клубы мен мадридтік «Реал» арасындағы халықаралық футбол матчы өтеді. Ойын сағат 21:45-те Орталық стадионда басталады.

Қала полициясы тұрғындар мен қонақтарды тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауға шақырды. Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаевтың айтуынша, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 2,5 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылады.

Жол қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі, сондықтан жүргізушілерге бағыттарын алдын ала жоспарлауға кеңес беріледі. Полиция жанкүйерлерді стадион мен көшелерде мәдениетті түрде қолдау көрсетуге, тазалық пен өзара құрметті сақтауға үндейді.

«Сіздердің жауапкершілікті іс-әрекеттеріңіз – Алматы мен Қазақстанның имиджіне қосқан үлес. Біз – мақтануға тұрарлық қала екенімізді бірге көрсетейік», – деді Ноғайбаев.
Айта кетейік, «Реал» командасы кеше түнде келіп, Алматыдағы қонақүйге орналасқан. Тілшіміздің айтуынша, қазір онда бос орын жоқ. 300-ге тарта азамат қонақ үй қоршауын торуылдауда.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

Фото: Zakon.kz

Бүгін, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді