jasqazaq.kz

Қ.Тоқаев: Қазақтың асар дәстүрін заманға сай қайта жаңғыртуымыз қажет

10 желтоқсан 2019, 14:14

Қазақтың асар дәстүрін заманға сай қайта жаңғыртуымыз қажет. Бұл туралы бүгін Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының ашылу салтанатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. 

«Волонтер жылы баршамызға, әсіресе жастарға үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан сіздерді осы игі бастамаға белсенді атсалысуға шақырамын. Жастарымыз мұқтаж жандарға көмек қолын созуға әрдайым дайын болуы керек. Дана халқымыз «Жұмыла көтерген жүк жеңіл« деген. Қайырымдылық пен мейірімділік қанымызға сіңген қасиет. Қазақта асар жасап, бір-біріне көмектесіп, қолдау көрсету дәстүрі бар. Оның волонтерлікпен үндесетіндігі сөзсіз. Сондықтан алдағы жылы сол дәстүрді заманға сай қайта жаңғыртуымыз қажет», — деді Мемлекет басшысы. ҚР Президенті осы жалпыұлттық бастаманың негізгі қозғаушы күші жастар екендігін баса айтты. «Бұл істе біз белсенді жастарымызға зор сенім артамыз. Елге қызмет ету тек білімді ғана емес, намысты да талап етеді. жас ұрпақтың ар-намысы жоғары болса, мемлекетіміздің мәртебесі биік болады. Қазіргі жастар Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген сөзін берік ұстануы керек. Өйткені, Тәуелсіз Қазақстанның тұғырлы тірегі, үкілі үміті, берік қалқаны өздеріңіз. Қайратты жастарымыз көп болса, мемлекетіміздің болашағы баянды болады деп сенемін», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ