jasqazaq.kz

Кезекке таласқан: Түркістан облысындағы көлік жуу орнында ағайынды екі жігітті пышақтап кетті

05 қараша 2025, 9:51

Түркістан облысында көлік жуу орнында төбелес болып, ағайынды екі жігітті пышақтап кетті. Төлеби ауданындағы Зағамбар ауылында болған қанды қылмыстан 19 жастағы Мағжан Бимырза ауруханаға жетпей көз жұмды. Марқұмның 21-дегі туған ағасы ауруханада жатыр. Жанжал көлік жуу бекетіндегі кезекке таластан басталған, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Бұзақылығымен ауылға танымал екі жігіт өзіне дейін көлік жуып тұрған жігіттердің бірін ұрып жіберген. Сөйлесуге келген бауырларын әй-шәйға қарамай пышақтап, өздері оқиға орнынан тайып тұрыпты.

Сұмдық жағдай Зағамбар ауылындағы көлік жуу бекетінде болған. 21 жастағы Сұлтан көлігін жуып тұрған сәтте артынан келген зіңгіттей жігіттер машинасын алып тастауын талап етеді. Дөрекі сөйлемеуін сұраған жігітті әлгі екеу бірден бас салып ұрған. Осыдан кейін Сұлтан туған ағасы мен інісіне хабарласады. Олар келген кезде әлгі бұзақылардың бірі пышақпен, бірі жалаң қолмен ағайындыларға шабуылдапты.

Тура жүрекке тиген пышақ жарақатынан биыл ғана әскерден келген 19 жастағы Мағжан ауруханаға жетпестен көз жұмады. Ал іші мен аяғына пышақ кірген Сұлтанды сол жердегілер өз көлігіне салып ауруханаға дер кезінде жеткізген. Көп қан жоғалтқан 21 жастағы жігіт енді кешіккенде, тірі қалуы екіталай еді дейді дәрігерлер.

Отадан есін енді жинаған Сұлтан туған інісінен айрылып қалғанына әлі сене алар емес. Ол бауырларын жасы үлкен бұзақылармен төбелесу үшін емес, тек арашалау мақсатында шақырғанын айтады. Бірақ әлгілер ләм-мим деместен суық қарумен шабуылдады деп отыр.

Көлік жуу бекетінде бірнеше бейнекамера тұр. Төбелестің қалай басталып, немен аяқталғаны дыбысымен бірге соған жазылыпты. Тіпті тапа-тал түстегі қырғынды көргендер де көп екен. Полицейлер бейнежазбаны тәркілеп алғанымен, 31 жастағы қос бұзақы ұсталды ма, оларға қатысты іс қозғалды ма, ол әлі белгісіз. Өйткені тәртіп сақшылары бұл қылмысқа қатысты ақпарат беруге асықпай отыр.

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді