jasqazaq.kz

Әкесіне ұлдары алимент төлейді

09 қараша 2016, 10:58

20161109100359

Астана қаласында зейнеткер қарт өзінің  ұлдарынан алимент өндіріп алу туралы сотқа шағымданды.  Бұл туралы Астана  қалалық сотының баспасөз қызметі  хабарлады. «Қарттығынан жұмысқа жарамсыз болған зейнеткер қосымша материалдық  көмектерді қажет ететін болған. Дәрігерлердің ұдайы бақылау есебінде тұрған оның зейнетақысы толығымен үйдегі қажеттіліктерді сатып алуға, коммуналдық қызметтер төлеміне кетеді. Алайда, қарияның кіші екі ұлы өз еріктерімен әкелерін бағудан жалтарған», — делінген баспасөз баянында. Айта кетерлігі, сот бұған дейін де зейнеткердің пайдасына ай сайын үлкен ұлынан 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент өндіру туралы шешім шығарған болатын. Ал қарияның соңғы шағымын қараған Астана қаласы Сарыарқа ауданының соты зейнеткердің талабын ішінара қанағаттандырды. «Сот шешіміне сәйкес, қарияның үлкен ұлынан бөлек, екі кіші ұлы да өздерінің әкелеріне ай сайын 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент төлеп тұратын болады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, еңбекке қабілетті кәмелет жасқа толған азаматтар өздерінің көмекке зәру ата-аналарын бағып, оларға қамқорлық етулері керек», — делінген баспасөз баянында.

ҚазАқпарат

 

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді