Түркістан облысында оқушылар арасындағы төбелес адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Polisia.kz
Облыстық полицияға Кентау қаласының маңындағы ауылдардың бірінен пышақ жарақатын алған жас жігіттің денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Ол кәмелетке толмаған, жергілікті тұрғын, 10-сынып оқушысы болып шықты.
Анықталғандай, түн ортасында екі ауылдың жасөспірімдері арасында тұрмыстық негізде жанжал туындаған. Төбелес соңғы адам өлімімен аяқталған. Оқиаға күдікті ретінде көрші ауылдың тұрғыны анықталып, ұсталды.
Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.