jasqazaq.kz

Кентауда қоқыс жәшігінен жаңа туған шақалақ табылды

11 желтоқсан 2025, 9:11

Түркістан облысында қоқыс жәшігінен жаңа туған шақалақ табылды. Сұмдық жағдай Кентау қаласында болған, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Шала туған баланы безбүйрек ана ештеңеге орамастан қоқысқа тастай салған. Полицейлер баласынан безінген көкек-ананы табу үшін жақын маңдағы бүкіл бейнекамераларды ақтарып, көрдім- білдім дегендерден сұрастырып жатыр. Қаладағы аурухана мен емханаларды да тексеріп жатыр. Жүктілігімен есепте тұрған аналар да түгел сүзгіден өткізіледі. Күдікті табылған жағдайда қылмыстық жауапқа тартылады дейді тәртіп сақшылары.

Сапарғали Тұрманов, Түркістан облысы ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары: — Барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жүріп жатыр. Соның нәтижесімен заңға сәйкес тиісті шешім қабылданады. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне қатысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Сурет: Видеодан кадр

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от КТК телеарнасы (@ktktvkz)

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді