jasqazaq.kz

Келесі жылы қымбат мүлікке төленетін салық мөлшері белгілі болды

29 желтоқсан 2025, 14:13

Елімізде келесі жылдан бастап қымбат мүлікке салық салынады. Жаңа Салық кодексіне сәйкес, мөлшерлеме төмендегідей болып бекітілді:

— 18 000 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) және одан жоғары құндағы көліктер үшін – көлік бағасының 10% мөлшерінде акциз есептеледі.
Яхта мен ұшақ: 24 000 АЕК және одан жоғары баға — 10% акциз
— Алкоголь өнімдері: 500 000 теңгеден асатын алкогольге – 1 литріне 10% мөлшерінде акциз.
— Темекі өнімдері: 10 000 теңгеден асатын сигаретке – данасына 10% акциз.
— Жылжымайтын мүлік: жеке тұлғаның барлық мүлігінің құны 450 миллион теңгеден асса – мүлік салығы 2% мөлшерінде есептеледі.
Жылжымайтын мүлік салығын есептеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (МК) жылжымайтын мүліктің бағасын анықтайды.
— Ол нарықтағы бағадан төмен болуы мүмкін, бірақ салық есептеу үшін негіз болады.
— Тұрғын үйлер мен саяжайларды бағалағанда сән-салтанат коэффициенті (1 мәні) қолданылады.
— Жергілікті мәслихаттар бұл коэффициентті 50%-дан аспайтын мөлшерге дейін көтере алады.
Жеке тұлғаға тиесілі мұліктің жиынтық құны 450 млн теңгеден асып кетсе, 2% мөлшерінде салық төлейді. Салықтың ең төменгі сомасы – 2 946 600 теңге, одан асатын сомаға 2% есептеледі.
Егер мүліктің жиынтық құны шектен аспаса, салық әр нысанға бөлек есептеледі.
Осылайша, келесі жылдан бастап қымбат көлік, яхта, ұшақ, алкоголь, темекі және 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлікке нақты салық пен акциз белгіленді. Мүлік бағасын мемлекет есептейді, ал салық мөлшері меншіктің жалпы құнына қарай анықталады.

JQ-Aqparat

Фото: spbkater.ru 

15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге