Келесі жылы қандай әлеуметтік төлемдер мөлшері артады?

20 қазан 2023, 14:55

Елімізде келесі жылғы 1 қаңтардан бастап  еңбекке қабілеттіліктен айрылу және асыраушысынан айрылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдер мөлшері артады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады. 
Тиісті қаулыға Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қол қойды.
Құжатта 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдерді 7 пайызға арттыру көзделген.
Аталған қаражат еңбекке қабілеттілікті жоғалтқан 87 мыңға жуық адамды және асыраушысынан айырылған 59 мың отбасын қамтиды.
Бұл мақсаттарға қосымша 5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады.
Әлеуметтік кодекске сәйкес, Үкімет еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айрылу жағдайлары бойынша төлемдердің мөлшерін жыл сайын арттырып отыратынын еске сала кетейік.
JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу