jasqazaq.kz

Келер жылы ЖІӨ 5,4 пайызға өседі

22 қазан, 17:27

Бүгін Мәжілісте еліміздің 2026 – 2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы талқыланды. Соған зер салсақ, 2026 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 5,4 пайызды құрап отыр екен. Сонда 3 жылдағы орташа жылдық өсу – 5,3 пайыз шамасында болып тұр.
Номиналды жалпы ішкі өнім 2026 жылғы 183,8 трлн теңгеден 2028 жылы 229,8 трлн теңгеге дейін өседі. Осылайша, экономиканың өсімі нақты сектор мен қызмет көрсету саласындағы өсімнің есебінен қамтамасыз етілетін болады.

***
2026 жылы инвестицияда өсім 6,2 пайызға жетеді
Өңдеу өнеркәсібінде инвестициялық жобаларды
іске асыру әркез өзекті. Мысалы, осының есебінен инвестицияда өсім қарқыны 2026 жылы 6,2 пайыз болса, 2028 жылға қарай 6,6 пайызға дейін ұлғаяды деген болжам бар. Бұл тақырып бүгін Мәжілістің жалпы отырысында талқыланды.
Бүгінде тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі үш жылдағы орташа өсу – 2,8 пайызды, ауыл шаруашылығында – 3,9 пайызды, құрылыста – 11,0 пайызды, көлік қызметтерінде – 10,1 пайызды және саудада – 6,7 пайызды құрайды екен. Болжам бойынша, экспорт 2026 жылғы 77,1 млрд АҚШ долларынан 2028 жылы 83,7 млрд АҚШ долларына дейін өседі. Ал импорт – 67,7-ден 75,2 млрд АҚШ долларына дейін көбейеді.

***
Бюджет кірістері 19,2 трлн теңгеге көбейеді
Бүгінгі салық-бюджет саясаты мемлекеттік қаржының орнықтылығы мен теңгерімділігін қамтамасыз етуге, бюджет тапшылығын азайтуға, сондай-ақ Ұлттық қор қаражатын меншікті қаражатпен алмастыруға бағытталған. Неге десеңіздер, бюджетті болжау бюджет қағидалары мен Мемлекеттік қаржыны басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында белгіленген нысаналы бағдарларға негізделді. ‎
Трансферттерді есептемегенде кірістер 2026 жылы
19,2 трлн теңге көлемінде немесе жалпы ішкі өнімге қатысты 10,5 пайыз деңгейінде болжануда. Биылғы жылдың бағалауымен салыстырғанда өсім
4,7 трлн теңгені құрап, 2028 жылға қарай 23,2 трлн теңгеге дейін немесе 20,8 пайызға өседі деген болжам бар. Жалпы, республикалық бюджеттің меншікті кірістермен қамтамасыз етілуі 2025 жылғы 63,7 пайыздан 2028 жылы
83,5 пайызға дейін өседі.

***
Бюджет шығыстары 27,7 трлн теңгеге тең болады
Еліміздің 2026 – 2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына зер салсақ, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мұнайдың кесімді бағасы бойынша есептелген лимит шегінде жыл сайын
2 770 млрд теңге мөлшерінде айқындалып отыр. Бұл шамамен 2026 жылы 41,4 АҚШ доллары, 2027-2028 жылдары барреліне 39,8-40,4 АҚШ долларына тең болады деген жолжам бар.
2026-2028 жылдары шығыстардың өсу қарқыны
108,7–109,3 пайыз деңгейінде тұрақтандырылды. Осыны ескерсек, бюджеттің шығыстары бюджет қағидаларында белгіленген лимиттерді сақтай отырып, 2026 жылы 27,7 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімге
15,1 пайызды құрайды. Ал 2027 жылы – 28,8 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімге 14 пайызды, 2028 жылы – 29,8 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімге 13 пайызды құрайды.
Кірістер мен шығыстардың осындай көлемдері кезінде бюджет нысаналы трансферт түрінде Ұлттық қордан қосымша қаражат тартпай-ақ өзін-өзі қамтамасыз етеді.
2026 жылы Фискалдық және мұнай емес тапшылықтардың деңгейі жалпы ішкі өнімге 2,5 пайызды және 4,9 пайызды құрап, 2028 жылы жалпы ішкі өнімге 0,9 және 2,7 пайызға дейін төмендейді деген болжам бар.
Осыны ескере отырып, үкіметтік борыш 2026 жылы
жалпы ішкі өнімге 21,4 пайыз деңгейінде болжанып,
2028 жылға қарай жалпы ішкі өнімге 19,6 пайызға дейін төмендеуі күтілуде. Бұл белгіленген ковенанттардан аспайды. Жалпы, Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, сондай-ақ бюджет пен Ұлттық қордың параметрлері
ұлттық экономиканың сапалы және серпінді дамуын нысаналауға және мемлекеттік қаржының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

JQ-Aqparat

Сурет: gov. kz

31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы
29 қазан, 13:36
Қанат Мұсаев: Агроөндірістегі басты мәселе – өнімді өткізу
29 қазан, 12:25
Суомимен стратегиялық деңгейдегі серіктестік