jasqazaq.kz

Келер жылы Қазақстанда студенттер арасындағы бокстан Әлем чемпионаты өтуі мүмкін

05 желтоқсан, 16:52

2026 жылы Қазақстан студенттік спорт тарихындағы ірі оқиғалардың біріне куә болуы ықтимал. Елімізде студенттер арасында бокстан Әлем чемпионатын өткізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұған дейін мұндай құрлықаралық дода Қазақстанда 2006 жылы өткен еді. Араға тура 20 жыл салып, дүбірлі бәсекенің қайта оралуы еліміздің халықаралық спорт қауымдастығындағы беделінің артқанын көрсетеді, деп хабарлайды Todayinfo.

Бұл бастаманы Халықаралық университеттер спорты федерациясының (FISU) өзі ұсынып отыр. Федерация Қазақстанның соңғы жылдары әлемдік деңгейдегі ірі жарыстарды жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізгенін ерекше атап өткен.

28 қарашада Қытайдың Макао қаласында өткен Азия университеттік спорт федерациясының Бас Ассамблеясына Қазақстан атынан Ұлттық студенттер спорт одағының Президенті Қайрат Закирьянов қатысты. Жиында аймақтық университеттік спортты дамыту, жаңа ынтымақтастық стратегиялары және Орталық Азиядағы студенттік спорт жобаларын алға жылжыту бағыттары талқыланды.

Қайрат Закирьяновтың айтуынша, Қазақстанда әлемдік деңгейдегі бокстан студенттер арасындағы чемпионат өткізу туралы ұсыныс Халықаралық университеттер спорты федерациясының және басқа да халықаралық ұйымдардың елімізге деген зор сенімін білдіреді.

«Бокстан студенттер арасында Әлем чемпионатын өткізу туралы ұсыныс Халықаралық университеттер спорты федерациясы мен өзге де халықаралық ұйымдардың Қазақстанға деген зор сенімін көрсетеді. FISU Президенті Леонц Эдер еліміздің спорттық іс-шараларды ұйымдастыруда мол тәжірибесі бар екенін атап өтті. Мәселен, 2017 жылы өткен Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны осының айқын көрінісі», — деді Қайрат Закирьянов.

Чемпионатты өткізу мәселесі WORLD Boxing халықаралық ұйымының қолдауымен жан-жақты қарастырылып жатыр. Айта кетейік, бұл ұйымды қазақстандық боксшы, әлем чемпионы Геннадий Головкин басқарады. Сарапшылардың пікірінше, мұндай қолдау жарыстың халықаралық беделін арттырып, әлемнің мықты жас боксшыларының қызығушылығын күшейтеді.

Сонымен қатар, FISU 2029 жылғы Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы Қазақстанда екінші рет өткізу мүмкіндігін де талқылаған. Бұл да халықаралық қауымдастықтың елімізге деген жоғары сенімін көрсетеді.

Егер шешім оңынан шықса, Қазақстан 2026 жылы әлемдік студенттік спорттың басты орталықтарының біріне айналуы мүмкін.

15 желтоқсан, 14:01
Алматының индустриалдық аймағы – даму драйвері
12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет
09 желтоқсан, 13:10
Алматы өңдеу саласын дамытуды жеделдетті
04 желтоқсан, 15:02
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер су деңгейінің төмендеуіне байланысты жыл сайын қыста алынады
03 желтоқсан, 19:08
Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді