Кейуана екі елден де зейнетақы алған

12 қазан 2023, 15:27

Қос азаматтықпен жүрген 76 жастағы әйел адам Қазақстаннан 13 млн теңге зейнетақыны заңсыз алған.

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының 76 жастағы тұрғыны 2002 жылдың қараша айында Ресей азаматтығын алғаны белгілі болды.

2004 жылы зейнеткерлік жасқа жеткен әйел Қазақстаннан да және Ресейден де зейнетақы төлемдерін алып отырған.

Осының салдарынан мемлекетке келтірілген материалдық залал 13 млн теңгеден асты.

«Қазіргі уақытта шетел азаматынан Қазақстан құжаттары тәркіленді. Сондай-ақ ол ҚР азаматтығынан айырылды. Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК 496-бабы 1-бөлігі бойынша 100 АЕК мөлшерінде айыппұл да салынды», — деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді