«Кейбір шенеуніктер біресе ана кабинетті, біресе мына кабинетті жағалап жүрді»

03 қантар, 17:08

(Мемлекет басшысының сұхбатынан туған ой)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне жарияланған сұхбатын мұқият оқып шықтық. Мемлекет басшысымен «Қазақ газеттерінің» бас директоры Дихан Қамзабекұлы әңгімелескен.

Бірден айту керек, сұхбат өте жақсы шығыпты. Халықтың көкейіндегі өзекті сауалдарға тұщымды жауап берілген. Әсіресе, саяси бағыттағы сұрақтарға ашық әрі нақты жауап берілгеніне іштей риза болады екенсің. Сұхбат алушы бұл тұрғыда Президентке өткір сауалдар қоя білген. Мысалы, Қаңтар оқиғасы, Президент болғаннан кейін айтылған сыни пікірлер төңірегінде бүкпесіз әңгіме жүргізіліпті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қаңтар қасіреті жайында көп ойланғанын, ол туралы ойлар әлі де маза бермейтінін айтады.

«Ашығын айтсам, осы жаңа бағдарымыз кейбір ықпалды адамдарға мүлде ұнаған жоқ. Олар бұл өзгерісті елімізде әбден тамыр жайған жүйеге және билік құрылымындағы өздерінің «ерекше мәртебесіне» төнген қатер деп қабылдады. Мұндай адамдар елдегі өзгеріске астыртын, кейде тіпті ашық қарсылық білдіре бастады. Ақыр соңында реформаның бетін қайтарып, өздеріне ыңғайлы бұрынғы қалыпқа оралу үшін бәрін тас-талқан етуге шешім қабылдады», – дейді Мемлекет басшысы.

Бұдан кейін Тоқаев сол күндердің халықпен бірге өз басына да сынақ болып түскеніне тоқталады.

«Ішкі істер министрлігі арқылы Ақорда резиденциясына түрлі шабуыл жасалғалы жатыр, соған жүк көліктері пайдаланылады деген ақпарат жетті. Маған бас сауғалап, резиденциядан кету, тіпті шетел асу туралы ұсыныс бірнеше рет айтылды. Бірақ мен бұған үзілді-кесілді қарсы болдым. Теледидар арқылы жасаған мәлімдемелерімнің бірінде қандай жағдай болса да жұмыс орнымда қалатынымды ашық айттым. Екі апта бойы тапжылмай, Ақордада болдым, күн-түн демей, шұғыл жиналыстар өткіздім. Сол аласапыран күндерде мемлекетімізді сақтап қалу, елдегі заң мен тәртіп үстемдігін қалпына келтіру ең басты міндет еді», – дейді ол.

Журналист Президентке ұнамауы мүмкін сұрақтарды да қоя білген. Мысалы, Қ. Тоқаев Мемлекет басшысы болғанда оның жеке басына айтылған сындарға, яғни экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ықпалынан шыға алмайды деген сөзге қатысты. Әрине, бұған да жауап бүкпесіз болған.

«Дәл осы жағдай Қаңтар дағдарысына әкеп соқтырған алғышарттың бірі болды. Өйткені ымыраласқан қаскөйлер өздері ойлап тапқан қосарланған билік, яғни «тандем» идеясын дәріптеп, оны өз мүддесіне пайдаланғысы келді. Кейбір лауазымды тұлғалардың, оның ішінде бұрынғы әділет министрінің мәртебе жағынан Елбасы Президенттен жоғары тұратынын айтқаны естеріңізде шығар. Кейбір шенеуніктер біресе ана, біресе мына кабинетті жағалап жүрді. Олар ойнақтап жүріп, ақыры от басты. Мен кейінірек Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа оның жақын серіктерінің саяси қитұрқылығы еліміздің тас-талқанын шығара жаздағанын ашық айттым.

Мемлекетте үлкен және кіші президент деген болмауы керек деп санаймын. «Кеттің бе – қайырылма!» Болашақта ел тізгінін ұстайтын азаматтар осы жағдайдан сабақ алып, мұндай нәрседен қашық болуға және тек қана мемлекеттің мүддесі мен қоғамның береке-бірлігін ойлауға тиіс», – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ал әлеуметтік-экономикалық мәселелерге қатысты әңгімеден бұл салаларда халыққа жақын әрі ыңғайлы жұмыстар атқарылып жатқанын аңғардық. Жалпы сұхбатты оқыған әр адам көкейіндегі барлық сұрақтарға жауап ала алды деп ойлаймыз.

Оразәлі Баймұрат

30 қыркүйек, 22:33
Заңсыз қаруды тапсыру – игі іс
30 қыркүйек, 19:47
Мал шаруашылығы – өрісті сала
30 қыркүйек, 16:35
Қазақстан - АҚШ: Инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттары
30 қыркүйек, 16:04
Түркістан: Жастарға заңгерлік кеңес берілді
30 қыркүйек, 16:03
Түркістан: Қылмыс пен жаза
30 қыркүйек, 13:20
Түркістан: Полиция жастар мен жасөспірімдерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді
30 қыркүйек, 12:55
Назерке Тәнекеева: Қолдау бар. Тек тәуекел етіп, кәсіп бастау керек
29 қыркүйек, 22:52
Су үнемдеудің сәтті тәжірибесі
27 қыркүйек, 16:46
Түркістан: Жан-жақты іс-қимыл - мал ұрлығына тосқауыл