jasqazaq.kz

Кедендегі кезектің себептері анықталды

06 сәуiр 2023, 13:07

Жүк тасымалдаушылар Қытаймен шекарадағы «Нұр Жолы» кеден бекетінде электрондық кезекті ұзақ күтуге, сондай-ақ олардың қызметіне байланысты басқа да мәселелерге наразылықтарын білдірді.

Мәселені шешу мақсатында Бас көлік прокуратурасы ведомствоаралық жұмыс тобын құрды. Оның құрамына қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік кірістер комитетінің, ҰҚК шекара қызметінің, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің және «Атамекен» ҰКП-ның өкілдері кірді.

Биылғы 24-31 наурыз аралығында ведомствоаралық жұмыс тобы «Нұр Жолы» өткізу пунктіне барып, жүк тасымалдаушылармен, мемлекеттік және уәкілетті органдардың өкілдерімен кездесулер өткізді.

Түйткілді мәселелердің туындау себептері анықталып, адал жүк тасымалдаушылардың құқықтарын қорғауға және электрондық кезек процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен шаралар қабылданды.

Тексеру барысында шекара маңындағы дүрбелең «E-border» бағдарламасы жұмыс алгоритмінің жетіксіздігінен орын алғаны анықталды. Бағдарлама жеңіл және ауыл шаруашылығы автокөліктерінің, сондай-ақ жүктерді тасымалдау үшін ҚХР-на шығуға иелерінің мақсаты болмаған автобустардың тіркеу деректерін пайдалану арқылы кезек орындарын «броньдауға» мүмкіндік берді.

Мөлшерлемесі 40 мың долларға дейін жеткен жүк тасымалдау бойынша «көлеңкелі қызмет көрсету нарығының» кесірінен жағдай күрделене түсті.

Жұмыс тобының ұсынысымен кезектен 2000 жуық автокөлік алынып тасталды. Оның ішінде жеңіл, сондай-ақ бұрын есептен алынған не есепте тұрмағандары бар. «E-border» бойынша тізімді пайдалануды биылғы 16 сәуірінен тоқтату туралы шешім қабылданды.

«CarGoRuqsat» жаңа электрондық кезек жүйесінде бұл олқылықтар ішкі істер органдарының дерекқорларымен интеграциялау арқылы ескерілді. Бұл кезектілікпен байланысты алыпсатарлық жасау мүмкіндігін жояды.

Өткізу пунктінің аумағында 80-ге жуық ауыр жүк көліктері тұрғаны да анықталды. Олардың жүргізушілері тасымалдау қызметінің бағасын жасанды түрде қымбаттату үшін қасақана ұзақ уақыт бойы Қытай еліне шығуды кешіктірген.

Осындай келеңсіздіктерге жол бермеу мақсатында, Технологиялық схемаға түзетулер жобасы дайындалды. Оған сәйкес, жүк тасымалдаушылар бұдан былай өткізу пунктінің аумағында 72 сағаттан артық болмауы тиіс.

ҚХР-ға виза алудың қиындығына қатысты шағымдар болды. Жүргізушілердің көпшілігінде виза жоқ болғандықтан, олар визасы бар басқа жүргізушілермен белгіленген қаражатқа келісуге мәжбүр.

Осы орайда Бас көлік прокуратурасы сыртқы істер министрлігіне виза алу тәртібі мен шарттарын кеңінен жариялауды, қажет болған жағдайда осы мәселе бойынша жүк тасымалдаушылармен көшпелі кездесулер өткізуді ұсынды.

Тағы бір түйткіл жүк тасымалдауға халықаралық рұқсат алудағы қиындықтармен байланысты. Бас көлік прокуратурасының бастамасымен рұқсатты тікелей өткізу пунктінде беруді, сондай-ақ жүк тасымалдаушылар үшін артық талаптарды алып тастауды көздейтін ИИДМ мен МКК бірлескен бұйрыққа қол қойды.

Аталған өткізу пунктіндегі ахуал қатаң қадағалауда.

JQ-Aqparat

16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ