Кедей болсаң, туған-туыс, дос-жаран, бәрі сенен қашады

31 тамыз 2023, 11:21

Актриса Гүлшат Тутова әлеуметтік желіде өзінің өмір бойы кедейлікпен күресіп келе жатқаны туралы айтты.

«Кішкентай кезімнен «Cен — кедейсің» деген сөзді көп естіп өстім. Айналам «Сен кедейдің қызысың» дейтін. Келін болып түскенде, «Барақта тұратын кедей жердің қызын алдық» дейтін. Мен өмір бақи кедейлік деген сөзбен күресіп келем. Өмірдегі Алла бұйыртқан нәпақамды тауып келем. Актриса болсам, өмірім керемет болады деген арман осы күнге дейін жетелеп келеді. Шын жүректен шыққан арман адамға энергия береді екен. Энергия келсе, әрекет жасай бастайсың. Арманың орындалмай, энергияң таусылмайды екен. Мен бай, қуатты болам деп қатты армандадым. Әжем «Жас күніңде бейнет бер. Қартайғанда дәулет бер» деп айтып отыратын. Сол дәулетті аңсаймын. Мен осы сөзге қосыламын. Қазір ұялатын заман емес. Анам «Есектің артын жу да, дүние тап» деп айтып отыратын. Қазір кедей болшы, ешкімге керек емессің. Туған-туыс, дос-жаран бәрі сенен қашады. Бар болсаң ғана абыройың асқақтайды», — деп жазды.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз