Кассадан ақша жымқырған даяшы құрықталды

06 қараша 2023, 11:52

Астанада кассадан ақша жымқырған даяшы құрықталды. Polisia.kzхабарлағандай, Есіл ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жасады деген күдікпен 20 жастағы қала тұрғынын анықтады. Тергеу барысында анықталғандай, жас жігіт қаланың сол жақ жағалауында орналасқан кафелердің бірінде даяшы болып жұмыс істеген. Әріптестерінің байқамай тұрғанын пайдаланған күдікті кассадан 70 мың теңге көлемінде ақшаны жасырын алып кеткен. Содан ұрланған ақшаны өз керегіне жаратқан. Кассада ақша жетіспейтінін білген кафенің иесі полицияға жүгінген. Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді. Оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу