jasqazaq.kz

Кәсіпкерлерге түсінікті заң, тиімді қолдау қажет

13 қыркүйек 2025, 12:15

Президент Жолдауда өңірлерді дамыту мен инвестиция тарту мәселесіне ерекше тоқталды. Бұл бағыттағы жауапкершілік жергілікті басшыларға жүктелуі тиіс екенін, тек орталыққа қарап отырмай, өңір әкімдерінің белсенді жұмыс істеуі қажеттігін айтты. Сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтар мен индустриалды аймақтарды тиімді пайдалану арқылы жұмыс орындарын ашу, терең өңдеу өнеркәсіптерін дамыту қажеттігін баса жеткізді. Бұл бастамаларды мен өте дұрыс деп санаймын.
Сонымен бірге, тексерістерге қатысты айтылған ұсыныстар да көңілге қонымды. Салық және мемлекеттік органдар тарапынан бақылау шаралары жазалау емес, ескерту түрінде жүргізілгені кәсіпкерлер үшін әлдеқайда тиімді болар еді. Өйткені көптеген кәсіпкерлердің жалдамалы есепшілері тәжірибесіздіктен немесе білместіктен қате есеп тапсыруы мүмкін. Мұндай жағдайда бірден айыппұл салып, жазалау әділетсіздікке әкеледі. Керісінше, ескерту жасалса, ол әрі сабақ, әрі келесі жолы мұндай қателікке жол бермеудің тиімді тәсілі болар еді. Сондықтан кәсіпкерлерді қателік үшін бірден жазаламай, түсіндіру арқылы бағыт-бағдар беру бизнестің дамуына зор серпін береді деп ойлаймын.
Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған өңірлерді дамыту, инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу, шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі бастамалары кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау әрі бағыт-бағдар болып отыр. Президент атап өткендей, әрбір өңірдің басшылығы тек орталыққа қарап отырмай, өздері белсенді жұмыс атқаруы тиіс. Индустриалды аймақтар мен арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігін арттыру жаңа жұмыс орындарын ашуға, халықтың тұрмысын жақсартуға мүмкіндік береді.

Талғат Исхаков,

Мәслихат депутаты

18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат