jasqazaq.kz

Кәсіпкерлерге арналған жасанды интеллект: цифрлы бизнес-кеңесші кәсіп бастауға жайлы орындарды қалай таңдайды

21 қараша, 19:25

Қаржы министрлігінің цифрлы трансформациясындағы негізгі бағыттардың бірі – халық пен бизнеске жайлы әрі қолжетімді мемлекеттік сервистерді арттыру. Ұзақ жыл азаматтарға бір-бірімен байланысы жоқ порталдармен жұмыс істеуге тура келді: мемлекеттік сатыпалым ісінде, электронды шот-фактураларды жазып беру қызметінде, салық және кедендік декларацияларды тапсыру саласында, сол секілді салықтарды төлеу мен қаржы есептілігін тапсыру бағытында. Әр жүйе дербес қызмет еткендіктен бұл навигацияны қиындатып, қызмет алушылар уақыт жоғалтатын.
2024 жылы министрлік негізгі цифрлы жүйелерді ауқымды түрде жаңартуға кірісті. Бұл біртұтас, түсінікті және жайлы цифрлы ортаны құруға жол ашты. Мұнда барлық қызмет бірізді логикалық кеңістікте жұмыс істеп, мемлекеттік сервистердің ашықтығы мен танымалдығы заманауи талаптарға сай болды.
Тиісті қызметтерді орталықтарудағы негізгі бастамалардың бірі – Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті болып саналады. Бүгінде бұл платформа тәжірибелік мақсатта іске қосылған және ведомствоның негізгі мемлекеттік қызметтерін біріктіреді.
Бірыңғай жеке кабинет арқылы пайдаланушылар:
• мемлекеттік сатыпалымға қатыса алады;
• салық және кеден декларацияларын тапсыруға мүмкіндік беріледі;
• шот-фактураларды жазу жолға қойылады;
• салықтарды төлеуге мүмкіндік алады;
• қаржы есептілікті тапсыра алады.
Демек, іскер азаматтар барлық негізгі қаржы және есеп беру процесіне арналған озық интерфейске ие болады. Бұл мемлекеттік органдармен өзара байланысуға жұмсалатын уақытты үнемдеп, әкімшілік жүктемені азайтады.
Сонымен қатар министрлік жасанды интеллект технологияларын дамытуға баса мән беріп келеді. Перспективалы шешімдердің бірі – ЖИ бизнес көмекшісі жобасы. Ол қазір жетілдіріліп жатыр. Бұл құрал барлық кезеңде кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді: бизнестің идея сатысынан бастап оны нақты жүзеге асыруға дейін.
Аталған жүйеде қарастырылатын негізгі функционалдардың бірі – болашақ кәсіпке арналған ұтымды орынды таңдау. Тиімді таңдалған жер – бизнестің табысты болуындағы маңызды фактор: бұл сату деңгейін, бәсекеге қабілетті ортаны және болашақ операциялық шығындарды анықтайды. Ал қате таңдау кіріс пен бәсекелестік қабілетті төмендетіп, шығындардың өсуіне әкелуі мүмкін.
ЖИ-көмекшісі мемлекеттік ақпараттық ресурстармен интеграцияланған және сенімді деректердің ауқымды жиынтығын талдауға қауқарлы: аудандардың экономикалық белсенділігі, сұраныс құрылымы, жұмыспен қамту деңгейі, бәсекелестік орта, салалардың даму серпіні. Осы мәліметтерге сүйене отырып, тиісті алгоритмдер көзделген кіріс мөлшерін, рентабельдікті және тәуекелдерді болжап, әр локацияға дайын ұсыныстар жасай алады.
Аталған тетікті пайдалану қабылданатын шешімдердің сапасын едәуір жақсартып, бастапқы кезеңдегі қателіктерден сақтануға көмектеседі және ШОБ деректерге бағдарланған тәсілдің жаңа стандартын қалыптастырады.
Цифрлы жаңғыртудың келесі кезеңі проактивті қызметті жолға қоюмен байланысты. Мәліметтердің жинақталуына байланысты мемлекеттік жүйелер кәсіпкерлердің қажеттіліктерін автоматты түрде анықтап, оларға тиісті мемлекеттік қолдау шараларын, жеңілдетілген бағдарламалар мен маңызды хабарламаларды ұсынатын болады. Яғни, іскер азамат қажетті қызметті іздеп сабылмайды, керісінше «қызмет пайдаланушыны өзі табады» моделіне басымдық беріледі.
Мемлекеттік сервистерді интеграциялау, Бірыңғай жеке кабинетті құру мен ЖИ шешімдерін дамыту – отандық жаңа цифрлы экожүйені қалыптастыруға септігін тигізеді. Осы арқылы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тиімді, жылдам және технологиялық тұрғыда заманға сай болады. Өз кезегінде кәсіпкерлер сенімді және саналы өсімге мүмкіндік беретін тың тетікке қол жеткізеді.

Сурет: freepik 

Бүгін, 11:14
"Таза Қазақстан": Алматыда экологиялық жұмыстардың аралық қорытындысы шығарылды
26 қараша, 18:40
Алматыдағы зообақты кең көлемде жаңғырту жоспарланып отыр
26 қараша, 14:07
Алматыдағы ауыз су сапасы барлық санитарлық талаптарға сай
25 қараша, 18:30
«Таза Қазақстан»: Алматының Жетісу ауданында Сейфуллин–Жансүгіров жолайырығын көгалдандыру жалғасып жатыр
18 қараша, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
18 қараша, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды
14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті