Кәсіпкерлерге 300 млн теңге қаражат қайтарылады

04 қазан 2023, 10:51

СҚО кәсіпкерлеріне 300 млн теңгеден астам қаражат қайтарылады. Прокурорлар табиғатты пайдаланушылар экологиялық алымның жойылғанын білмей, төлем жасай бергенін анықтады.

2022-2023 жылдары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекстің 574-бабын бұза отырып, облыстың 8 мыңнан астам табиғат пайдаланушысы қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін жалпы сомасы 321,4 млн.теңге төлем төлеген, ал іс жүзінде олар осы төлемдерден босатылған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша облыстың Мемлекеттік кірістер департаменті берілген өтініштер негізінде субъектілерге 11,8 млн теңгені қайтаруды қамтамасыз етті, қалған сома бойынша жұмыс жалғасуда.

Мұндай фактілерді болдырмау мақсатында фискалдық орган салық төлеушілермен құқықтық түсіндіру іс-шараларын жүргізді.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді