Кәсіпкерлердің мобильді аударымы қатаң бақыланады

18 тамыз 2023, 18:32

Қазақстанда екінші деңгейлі банктер 2024 жылдан бастап салық органдарына клиенттердің аударымдары туралы ақпаратты тапсыратын болады. Мемлекеттік кіріс органдары алынған мәліметтерді мониторинг жасап, көлеңкелі бизнес және заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, салық төлеуден жалтарып жүрген тұлғаларды анықтайды.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Фискалды реттеу ісін қайта жаңғырту үшін 2023 жылы жаңа Салық кодексі әзірленеді. Оның ең түйткілді тұсы саналатын салықтық әкімшілендіру мәселесі түгел қайта жазылуға тиіс. Сондай-ақ, жұмыс барысында бетпе-бет кездесу мүлдем болмайтындай етіп, салықтық бақылау қызметін толық цифрландыру керек» деген болатын.

Бүгінде Президенттің тапсырмасына сәйкес, кәсіпкер ретінде тіркелмеген, бірақ, әртүрлі тұлғалардан жеке есепшотына мобильді аударымдар арқылы ақша қабылдап жүрген адамдар бақылауға алынады. Нақтырақ айтқанда, 3 ай қатарынан тұрақты түрде әр ай сайын кем дегенде 100 адамнан мобильді аударымдарды қабылдап алған азаматтар заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінуі мүмкін. Мұндай тұлғаларға алғашқыда ескерту беріледі, егер жағдай қайталанса, тиісті заңдарға сәйкес 15-тен 50-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынады.

Иә, бүгінде базар араласақ та, дүкенге барсақ та қолма қол ақшамен есеп айырысу мүлде ұмыт болып барады. Мобильді қосымшамен есеп айрысып үйренген халық, ақша салатын әмиянды ұстамайтын да болған. Бұл – халық үшін тиімді болғанымен, көлеңкелі табыс иелерінің көбеюіне әкеліп соғуда. Салық төлемейтін кәсіпкерлердің көбеюі бюджеттің уақтылы толығып отыруына кедергі келтіріп, ел экономикасын артқа сүйрейтіні анық. Бұл өз кезегінде көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуіне қолбайлау болып, халықтың әл-ауқатының нашарлауына да себеп болмақ.

Еліміздің заңнамасына енгізілгелі отырған осындай норманы кәсіпкерлерге түсіндіру және талқылау мақсатында Шымкент қаласы кәсіпкерлік палатасында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қалалық департаментінің басшылығы кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

–Қазіргі таңда көптеген кәсіпкерлер ешқандай pos-терминалдарсыз, фискалды чексіз мобильді аударымдар арқылы төлем қабылдап келеді. Бұл –заңға қайшы әрекет. 2024 жылдан бастап, соңғы 3 ай қатарынан 100 аударым жүзеге асқан жағдайда бірінші рет ескерту беріледі. Заң талабын екінші рет бұзса 15 пен 50 айлық есептік көрсеткіш арасында айыппұл салынады, – дейді Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Сапарбек Ешенқұлов.

Мерей Әлімбек

07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз